Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

888504
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркиядан АҚШ-қа YPG наразылығы» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркия АҚШ-тың жанжал шешіміне қатаң түрде наразылық көрсетті. Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «АҚШ-тың YPG қадамы қабылданбайды» делінді. Сыртқы істер министрлігі «АҚШ-тың уәделері және мәлімдемелеріне қарама-қайшы PYD/YPG ұйымымен ынтымақтастығын жалғастыруы себепті ұлттық қауіпсіздігіміз бен Сирияның шекара тұтастығына қауіп төндірген мұндай бастамалары қабылданбайды. Бұл қате ұстанымның жалғастырылуын айыптаймыз. Түркияға бағытталатын әртүрлі шабуылды тойтаруға күшіміз бар екенін ескертеміз» делінді.

Йени шафак газеті «Кілем дилерлердің нысанасы Американ нарығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның маңызды кілем өндіру орталықтарының бірі ретінде Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағы өндірушілері АҚШ-қа өткен жылы 367 миллион 733 мың долларлық экспорт жүзеге асырды. Кілем өндірушілері АҚШ нарығына экспорттарын биыл одан да арттыруды нысанаға алып отыр. Кілем өндірушілер 2016 жылы 1 миллиард 285 миллион доллар болған кілем экспорттарын 2017 жылы 11,9 пайызбен 1 миллиард 438 миллион 294 мың долларға жеткізді.

Хабертүрік газеті «Ерте брондауда нысана 6 миллион жергілікті турист» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия саяхат агенттігі төрағасы Башаран Улусой ерте брондау әдісінің артқанын, өткен жылы 5 миллион турист санына ұласқанын атап көрсетті. Улусой «Болжамымыз 2018 жылы ерте брондау арқылы демалысқа баратын азамат санымызды 6 миллион деңгейіне жеткізу» деді.

Сабах газеті «Шетелдік қысты таңдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қыс туризмі маусымы 1 желтоқсан күні басталды. Туризм министрлігінің соңғы 3 жылдан бері қысқы туризмді жандандыру үшін басқан таныту қадамдары жемісін бере бастады. Биыл Ресейден Кайсери мен Эрзурум қалаларына рейстер басталды. Ирандық және Таяу Шығыс туристерінің де қысқы туризм саласына қызығушылығы артты.

Ватан газеті «Темір шіркеуге қызығушылық артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған және Болгария премьер-министрі Бойко Борисовқа қоса көптеген түрік және болгардың қатысуымен өткен аптада ашылған Темір шіркеуді аралауға келушілердің саны артты. Болгария тур агенттіктері Темір шіркеуге турист тасуда.



Ұқсас жаңалықтар