Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

882307
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «АҚШ байрағы террор ұйымдарының жалауы қасында желбіреуде» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Француз каналына сұхбат бергенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған  Түркияның террор ұйымы ДАИШ-пен күресу барысында басқа бір террор ұйымымен ынтымақтастық жасай отырып күреспейтінін атап өтті. Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сирия қолының Сирияны бөлшектеп террор коридорын құруға талпынғанына назар аударған Ердоған «Террор ұйымы бұл қолдауды Вашингтоннан алуда»деді. Президент Режеп Тайып Ердоған «Америка әскерлері осы террористтермен қоян қолтық араласуда және бірге суретке түсуде. АҚШ байрағы террор ұйымдарының жалауы қасында желбіреуде. Бұларды қабылдай алмаймыз» деді.

Хүрриет газеті «Атомдық энергияның болашағы Түркияда» атты тақырып қолданған. Газет соңғы жылдарда атомдық энергияның болашақтағы жанармайдың трюм болуы мүмкіндігі жөніндегі көзқарастардың үнемі күн тәртіпке келгенін хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Уран сынды бір атомдық энергия шикі заты болған трюмнің тіпті қауіпсіз және тіпті таза екенін пайымдалуда. Кейбіреулері тарапынан «болашақтың жанармайы» ретінде көрсетілген трюмде Түркияның әлемнің ең үлкен екінші резервтеріне ие.

Йени Шафак газеті хабарын «Тез қарқынды өсу мақтау алуда» деген тақырыбымен берген. Газет Халықаралық несие бағалау мекемесі Фитчтің Түркияның да орын алған 10 тез қарқынды өскен экономикасына бағытталған әлеуеттік өсу жорамалын жариялаған.  Газеттің хабарына қарағанда Түркияны алғашқы үште көрсеткен Фитч «Түркияның 5 жылда орташа есеппен 4,8 пайыз өсуін күтудеміз» деді.

Стар газеті «Туристтер Түркияға қайта оралуда» деген хабарға орын берген.  Газет Ұлыбританияда шығатын Financial Times газетінің Түркияда 2016 жылғы террор шабуылдары және Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінен кейін туризм секторының қайтадан жанданғанын жазған. Газет мына сөздерге орын берді: «Түркия 2014 жылы 36 миллион туристті күтіп алып рекорд жаратқан еді. 2016 жылы бұл санақ мөлшермен соңғы он жылдың ең төменгі санағы болған 25 миллионға түсті. Бірақ  2017 жылының соңғы көрсеткіштері бойынша бұл санақтың 32 миллионға жеткенін көрсетуде. Бұл жандану терроризмнің қаупінің азаюынан кейін жүзеге асты».

Ватан газеті «Бауыр ракты емдеуде комитетінің төрайымы бір түрік болды» атты тақырып қолданған. Газет Түркияның маңызды хирургі профессор Айтен Кайы Жангырдың АҚШ-та орын алған Халықаралық бауыр ракты емдеу комитеті төрайымы болып сайланғанын жазған.

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар