Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

866463
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Бұл шешімді қабылдамаймыз» деген хабарға орын берген. Газет Ердоғанның Анкара сауда палатасының "Congresium" залында болып өткен Халықаралық адам құқықтары күні бағдарламасында үн қатқанын жазған. Хабарда Ердоғанның «Бүгін өздерін Иерусалимнің иесі қабылдағандар ертеңгі күні өздерін жасырынатын ағаш таппайды» дегенін жеткізген.  Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоған «АҚШ мемлекеті президент Дональд Трамптың Иерусалимді ‘Израильдің астанасы’ деп жариялауымен төгілген қанға ортақ болды. Біз бұл шешімді танымаймыз. Трамптың мәлімдемесі бізді бағындырмайды, Иерусалимді де бағындырмайды» деді.

Ватан газеті «Түркия үлкеюде Еуропа Одағы, Үлкен 20 тобы елдері және Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінен озды» атты тақырып қолданған. Газет түрік экономикасының осы жылдың үшінші ширегінде жалғасты өсіп, Еуропа Одағы, Үлкен 20  тобы елдері және Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінен озғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Еуропа Одағы елдерінен төрт есе үлкейген Түркия Үлкен 20  тобы елдерінде де өсу деңгейімен назар аударған Қытай мен Үндістанды артқа тастады. Түркия статистика мекемесі, Еуропа статистика офисі және Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы көрсеткіштерінен алынған мағлұматтарға қарағанда Түркия осы жылдың екінші ширегінде 5,2 пайыздық үлкею перформансы үшінші ширекте екі еседен тіпті көп арттырып, 11,1 пайызға көтерді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Әлемнің ең қатты болатын түрік фирмасы бордан өндірді» деген тақырыбымен берген. Балыкесирдің Эрдемир ауданындағы Ar-Ge фирмасының бор саласында жасаған еңбектерімен Америкадан ғылым сыйлығын алғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда әлімнің ең қатты болатын бір түрік фирмасы өндірді.

Йени Шафак газеті «Министр жүрдек пойыз жөнінде сүйінші берді» атты хабарға орын берген. Газет Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арсланның Шанлыурфаға жүрдек пойыз қатынайтын сүйіншіні беріп, «Гаиантеп пен Шанылурфа арасындағы жүрдек пойыз жобасын қаңтар айында  жұмысқа қосамыз» дегенін хабарлаған.

Хүрриет газеті «Швецияда осы жылдың батыры бір түрік әйелі» деген тақырып қолданған. Газет Швецияда 7 баланың анасы 63 жасындағы Фатма Ирек Алжының «Осы жылдың батыры» атағын алғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Алжы Швецияның маңызды газеті Aftonbladet тарапынан ұйымдастырылған және халықтың дауысымен белгіленген жарыста ең көп дауыс алған үміткер болды. Астана Стокгольмда саясат, көркемөнер және спорт саласынан таңдаулы тұлғалар қатысқан «2017 Швеция Батыры» атты сыйлық рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімге қатысқан Швеция премьер-министр орынбасары және білім беру министрі Густав Фридолин мен Швеция ұлттық командасының жетекшісі Жанна Андерссон «жол көрсетуші» саласында осы жылдың батыры болып сайланған Фатма Ирек Алжыны құттықтады.


Этикеттер: #Анкара , #Швеция , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар