Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

863967
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған НАТО-ға кіруіңізге біз көмектестік» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Афиныдағы сапарында грек әріптесі Прокопис Павлопуломен бас қосқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президент Ержоған «НАТО-дан сіз шықтыңыз, қайтадан НАТО-ға кіруіңізге біз көмектестік. Егер тосқауыл жасайтын болсақ, онда НАТО-ға кіре алмаушы едіңіз. Бірақ біз олай жасамадық. Көрші ретінде қарадық, бүгін де солай қараудамыз» деді.

Сабах газеті «Премьер-министр білтесін жаққан бомба сияқты болады» атты тақырып қолданған. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Оңтүстік Корея сапарынан кейін ұшақта журналисттерге мәлімдеме жасағанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым жасаған мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың Иерусалимге байланысты шешіміне орай «Иерусалимнің мәртебесімен ойнау білтесін жаққан бір бомбаға ұқсайды» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «2018 жол картасы дайын» деген тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Түркия іскер және кәсіпкерлер қоғамы жоғарғы ақылдас кеңесі жиналысында баяндама жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министр Йылдырым баяндамасында «2018 жылы оңай болмайды. Алайда еліміздің осы таңға дейін жеткен жетістіктерін жалғастырамыз. Осы сенімнің арқасында 2018 жылы мемлекетіміздің экономикасы жалғасты өседі. 2018 жылының жол картасын дайындаудамыз» деді.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдары Бразилия әуе жолы  Азулмен келісім жасады» атты хабарға орын берген. Газет Бразилияның ең үлкен әуе жолы компаниясы Азул мен Түрік әуе жолдары THY арасында қод бөлісу келісіміне қол қойғанын жазған.  Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдары Бразилия әуе жолы  Азулдың ішкі желіс кодына қосылады және жолаушылар THY арқылы билеттерін тікелей түрде сатып ала алады.

Хабар Түрік газеті «Түрік әуе жолдары уақыт берді» деген тақырып қолданған. Газет Түрік әуе жолдары басқару және атқару алқасы төрағасы М. Илкер Айжының Түрік әуе жолдары жүк ұшағының флотына жаңа қосылған Boeing-777 жүк ұшағының тапсырып алу рәсімінен кейін баспасөзге мәлімдеме жасағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда үшінші әуежайымен байланысты Айжы  «Жұмыстар ақырын-ақырын істелуде. Ол жердегі жердің жағдайы өте қиын. Осыған қарамастан барлық жұмыстар істелуде. Жаңа әуежайымыз 2018 жылы 29 қараша күні тамамдалады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар