Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер АҚШ президенті Трамптың мәлімдемесіне кең орын берген.

863163
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Иерусалим үшін жұмылдыру дайындығын бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Иерусалимнің мәртебесіне қатысты жасаған мәлімдемесіне қарсы жұмылдыру жұмыстарын бастады. Таяу Шығыс бейбітшілік кезеңін тоқтататын қадамға қарсы телефон дипломатиясы жүргізген президент Ердоған Ислам Ынтымақтастық Ұйымын (ИЫҰ) 13 желтоқсан күні Стамбұлда кезектен тыс жиналысқа шақырды.

Ватан газеті «ТҰҰМ Иерусалим үшін ортақ декларация жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) 4 саяси партия АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимнің мәртебесіне қатысты жасаған мәлімдемесіне қарсы ортақ декларация жасады. Мәжіліс Жалпы кеңес жиналысында АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің бас қаласы деп тану жоспарына қарсы саяси партия топтары дайындаған ортақ декларация оқылып, «ТҰҰМ-нің бұл қатерлі бастамаға қарсы нақты және даусыз түрде қабылдамау шешімі» халықаралық қоғамға жария етілді.

Йени шафак газеті «Түркия Иерусалим үшін көтерілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттарының Иерусалимнің мәртебесіне қатысты жасаған мәлімдемесі Түркияны тұтас көтерді. Көптеген қалада наразылық шерулері АҚШ пен Израиль елшіліктері алдында өтті. Тарих бойынша мұсылмандардың қызыл сызғысы болған Иерусалим үшін Түркиядағы көптеген қалада адамдар Иерусалимге қолдау үшін көшеге шықты.

Хүррийет газеті «Түркия мен Ресей келісті: 3-ші фирма келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс және түрік авиация саласы лауазымдылары Мәскеу мен Анталия желісіне аптасына 7 рейс ұшатын үшінші бір әуежай фирмасын белгілеу тақырыбында келісті. Қазір Мәскеу-Анталия желісіндегі тікелей рейстер орыс авиация фирмасы Аэрофлот және Түрік әуе жолдары тарапынан жүзеге асырылады.

Хабер түрік газеті «Ақылды макарон Жапонияға барады» атты хабар жариялаған. Жұмыстарын 1998 жылы бастаған және Конияда макарон өндірісі жасаған бір фирманың Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің (Түбитак) қолдауымен 3 жылға созылған жұмыстармен жетілдірген, E дәрумені, фосфор және ақуыз тұрғысынан байытылған макорон Жапониядан бастап, 10 елге экспортымен экономикаға үлес қосуда.



Ұқсас жаңалықтар