Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

853341
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «YPG тақырыбынан қалған тақырыптарда келісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия, Ресей және Иран Сочиде «Сирияда шешім» үшін келіссөз үстеліне отырғанда, Түркия «YPG шарты» қойды. Президент Режеп Тайып Ердоған «Ұлттық қауіпсіздігімізді нысанаға алған террор ұйымдарымен бірдей шаңырақта болуымыз, бірдей платформада орын алуымыз мүмкін емес. Ешкім бізден мұны күтпесін. Сирияның шекара тұтастығы мен саяси бірлігіне бағыныштылықты қолдасақ та, бұл елді бөлшектеуге тырысқан қанды террористерді заңды актер ретінде қабылдамаймыз» деді.

Йени шафак газеті «Бүліктің кезеңінен өтіп жатырмыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұл Конгресс орталығында Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитетінің (ІSEDAK) 33-ші кезекті жиналысында жасаған баяндамасында Ислам әлемі ретінде соңғы жылдары өте қиын бір кезеңнен, бүліктің кезеңінен өткенін атап көрсетті. Ердоған «Батыс өз тарихында қаншама аурулы бүлік болса олардың бәрін Ислам әлеміне экспорттап, өз болашағын кепілдікке алуға тырысады. Ислам әлемінің бірлігін, ынтымақтастығын, байлықтарын, бәрінен маңыздысы келешегін жоюға бағытталған лас бір сценарийді іске қосқан» деді.

Ватан газеті «Пошта қызметінде жаңа drone жүк тасымалдауы» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Пошта телефон телеграмма дирекциясы (ПТТ) атқару кеңесі төрағасы Кенан Бозгейик «drone» тасымалдау жүйесіне өту үшін отандық инженерлер және университеттермен жұмыстанғандарын атап, «2018 жылдың ішінде тікелей «drone» тасымалдау жүйесіне бастаймыз. Біз бұл технологияны танимыз» деді.

Сабах газеті«S-400әуе қорғаныс жүйесін қабылдау күні белгіленді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Ресейден сатып алынғанS-400 әуе қорғаныс жүйесінің 2019 жылы алғашқы қабылдауын жоспарлағандарын атап көрсетті. Джаникли Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Жоспарлау және бюджет комиссиясында мәлімдеме жасады. Джаникли «Ресеймен S-400 жүйелері қамтамасыз ету келісіміне қол қойылды. Біреуі таңдаулы екі S-400 жүйесі келісім аясында қабылданбақ. Алғашқы S-400 әуе қорғаныс жүйесі 2019 жылы ішінде қабылданады» деді.

Стар газеті «Бурхан Акбулак әлем чемпионы аталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Польшада болып өткен U23 Әлем күрес чемпионатында грек-рим күресі категориясында өткен ақтық жарыста 80 кг. Салмақтағы палуанымыз Бурхан Акбулак грузин қарсыласы Лаша Гобадзені ақтық сайыста 2-1 жеңіп, чемпион аталды. Түркия жалпы 4 медальмен командалық тізімде Грузия мен Ресейдің артынан үшінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар