Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

848639
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Түркия мен Катар 10 келісім-шартқа қол қойды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден кейінгі аялдамасы Кувейттегі байланыстарының артынан ресми сапарының соңғы аялдамасы ретінде Катарға өтті. Президент Ердоғанның бұл елде алдымен Мәжіліс төрағасы Мерзук әл-Ганиммен кездесті. Артынан Кувейт Әмірі Шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джабир әл-Сабахпен басқосты. Баян сарайында баспасөзге жабық өткен оңаша және делегация аралық кездесулердің артынан президент Режеп Тайып Ердоған тиісті министрлер және мекеме басшылары тарапынан екі ел арасында жасалған келісімдердің қол қою рәсіміне қатысты. Екі ел арасында банк, туризм, азық-түлік қауіпсіздігі, Түркия радио және теледидар мекемесі (TRT) мен Катар Медиа мекемесі (QMC) арасында ынтымақтастық, заңдық және қылмыстық, оқу, метерология, бауырлас порттар, технологиялық ақпарат қауіпсіздігі гуманитарлық жәрдем салаларында ынтымақтастық пен хаттамаларға қол қойылды.

Йени шафак газеті «Отандық автокөлікте нысана Жаһандық табыс деп белгіленді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү жекеменшік бір телеарнада күн тәртібімен байланысты бағалау жасады. «Прототип ортаға шыққан соң біз де тапсырыстар ала бастаймыз» деген Өзлү, «Жаһандық бір табысты нысанаға алып отырмыз, әлемдік автокөлік шығарылады. Автокөлік өнеркәсібінде өзгеріс Түркия үшін үлкен бақыт. Маркалау және ат қою үшін әлі ерте жобалау жұмыстарын аяқтап, нарыққа күшімізді көрсетейік. Одан кейін жақсы бір ат табылады деп ойлаймын» деді.

Сабах газеті «Жұмыссыздық көрсеткіштері қуантты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистикалық Мекемесі (TÜİK), тамыз айымен байланысты жұмыс күші статистикасын жариялады. Осыған қарағанда Түркия бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыссыздар саны тамыз айының бірдей кезеңімен салыстырғанда 89 мың адамға азайып, 3 миллион 404 мың адамға шегерілді. Бірдей кезеңде жұмыссыздық көрсеткіші 0,7 балл азайып, 10,6 пайыз болып жүзеге асты. Алдынғы аймен салыстырғанда жұмыссыздық мөлшерінде 0,1 ұпайлық шегерілу тіркелді.

Стар газеті «Ұлттық реактивті Хүржет ұшағы алғашқы сынағынан 2022 ж. өтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия авиация саласында тағы маңызды бір кезеңнен өтуге тырысады. Жаңа модель Оқу-жаттығу ұшағы Хүркуштың реактивті нұсқауы ретінде дайындалған «Hürjet» жобасы бойынша ұшақтың алғашқы ұшу сынағы 2022 жылы жасалады. «Dubai Air Show 2017»-ге қатысқан TUSAŞ Бас директоры Темел Котил, Хүржеттің алғашқы ұшу мерзімін 2022 екенін жариялап, дыбыстан асқан реактивті технология үшін бір немесе екі моторлы болып болмау тақырыбында шешім қабылдамағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар