Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Түркияға инвестиция салуға болады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған электр жүйелі автокөлік алпауыты «Tesla және SpaceX» директоры Элон Мускты қабылдады. Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын президент Ердоғанның іскер Элон Мускты қабылдауында «Türksat 5A» және «Türksat 5B» жер серіктерін ғарышқа ұшыру бағдарламасына қоса, электрлі автокөлік, жалғастыра алатын энергия, «Tesla және SpaceX» фирмаларымен Түркиядағы фирмалар жасайтын ортақтықтар тақырыбының қолға алынғанын атап айтты. Муск «Түркияны инвестиция салатын бір ел ретінде көреміз» деді.

Хүррийет газеті «Виза бастамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Америка Құрама Штаттары сапарының алғашқы кешінде АҚШ Сенаты Сыртқы қатынастар комиссиясы басшысы Боб Крокермен кездесті. Бүгін АҚШ президентінің орынбасары Майк Пенспен бас қосатын Йылдырым үшін жоғары сатыда қауіпсіздік шаралары қабылданды. Йылдырым сапардың мақсатының түсініспеушіліктер болған тақырыптарды шешуге бағытталғанын атап «Сапар алдында виза қадамы басылды, бұл бір бастама» деді.

Сабах газеті «Түркия, Франция және Италия арасында қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына орай барған Бельгияда Франция Қорғаныс министрі Florence Parly және Италия Қорғаныс министрі Roberta Pinotti мен бас қосты. Үштік кездесуде Франция және Италия қорғаныс министрлері мен Ұлттық Қорғаныс министрлігі арасында қорғаныс ынтымақтастығымен байланысты хаттамаға қол қойылды. Елдер арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік ынтымақтастығын күшейтуге қоса,  НАТО құрамында екі және үштік форматта кеңес жиналыстары ұйымдастыру, НАТО-ның ортақтарымен ынтымақтастық жетілдіруге қолдау беру хаттамада назар аударған тақырыптар.

Йени шафак газеті «Түркия ЮНЕСКО Атқару кеңесі мүшелігіне сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның бас қаласы Парижде жалғасқан ЮНЕСКО-ның 39-шы Жалпы конференциясында Атқару кеңесі мүшелері сайланды. Түркия дауыс беруде 2017-2021 жылдары арасында Атқару Кеңесінде орын алды. Түркияны қолдап ЮНЕСКО-ға мүше 134 ел дауыс берді.



Ұқсас жаңалықтар