Түрік  баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік  баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түрік алпауытынан үлкен келісім» деген хабар жариялаған. Түркияның алдынғы қатарлы э-сауда сайттарының бірі Hepsiburada.com Goldman Sachs Group-пен келісті. Тақырыпқа байланысты Bloomberg International-да жарияланған хабарға қарағанда түрік компаниясы сауда ұсыныстарын Goldman Sach Group арқылы алатын болады.  Әлемге белгілі инвестиция кеңесшісі және қаржы компаниясы Goldman Sach Group осы келісім арқылы түрік э-сауда компаниясында жасалатын ұсыныстарды бағаландыру міндетін атқарады. eBay да 2011 жылы GittiGidiyor компаниясының 93 пайызын сатып алып,  Түркия нарығына кірген болатын.

Йени Шафак газеті «Боливудтың атақты актері Аамир Хан түрік кино жұлдыздарымен кездеседі» деген тақырып қолданған.  Боливудтың атақты актері,  режиссер және продюссер Аамир Хан Мәдениет және туризм министрлігінің қонағы ретінде Стамбулға келді.  Хан баспасөз өкілдеріне сөйлеген сөзінде көптеген жылдан бері Түркияға келгісі келгенін айтты. «Соңында Түркияға келдім. Шыныменен қатты қуаныштымын» деді ол. Түрік халқының ықыласы үшін алғыс айтқан үнді актер түрік жұлдыздарымен де кездесетінін тілге тиек етті. Үндістан мен Түркияда бірдей уақытта 20 қазан күні қойылымға енетін жаңа фильмінің таныстырылуы үшін Түркияға келгенін айтқан актер түрік азаматтарының фильм жөніндегі көзқарастарын да білгісі келетінін білдірді. Актер Стамбулға Түрік Әуе жолдарымен келгенін айтып, түрік авиакомпаниясын мақтады.

Сабах газеті «Қандастар бренд елшісі болады» деген тақырыппен бір хабарға орын берген.  Әлемнің түкпір-түкпірінде түрік азаматтарының болуы текстиль секторына үміт болды.  Түркиядағы үй текстилі секторы экспортты арттыру үшін қандастармен ынтымақтасады. Шетелдердегі түріктерді компания өкілі қылатын компаниялар осылайша өнімдерін жақсы сатуды мақсат етіп отыр.  Түрік компаниялар үй текстилінде Еуропаға экспортта қос таңбалы көрсеткіштерге қол жеткізді.  Жаңа нарықтарға жылдам ену қабілеті бар үй текстиль секторы енді өнімдерін Қиыр Шығысқа да жеткізді.  Америка Құрама Штаттарына сүлгі, Еуропаға және Қытайға да перде мен мата сатуда.

Стар газеті болса Гиннесс хабарына орын берген.  Түркияның Едирне қаласындағы Ергене өзені үстіндегі Ұзын көпірі үстінен көлік өтетін әлемнің ең ұзын тас көпірі ретінде бекітілді.  Енді осы көпірдің Гиннесс Рекордтар кітабына енуі үшін жұмыс басталды. Узункөпрү ауданына есімін берген, Анадолы мен Балқанды байланыстырып тұрған,  әлемнің тастан салынған ең ұзын көпірі осы тарихи туынды 1426-1443 жылдар арасында падиша ІІ Мурат тарапынан сәулетші Муслихиддинге салғызылған. Көпірдің ұзындығы 1393 метр,  ені 6,80 метр. Ұзын көпір ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра уақытша тізіміне де енген.

Хабертүрік газеті спорт хабарына орын берген. Ағылшын «The Guardian» газеті Алтынорду футбол командасының 17 жасар қақпашысы Берке Өзерді болашағы бар 60 футболшы тізіміне алды.  Атақты газеттің «Әлем футболында үздік 60 қабілет» атты хабарында Түркиядан тек қана қақпашы Беркенің орын алуы Алтынорду командасына мақтаныш болды. Manchester City, Рим, Inter, Milan, Real Madrid, Liverpool, Ajax, Chelsea, Bayern Münih, Borussia Dortmund, Barcelona секілді әлем алпауыттары формаларын киген 2000 жылы туған футболшылар орын алған тізімге енген Берке туралы мақтап жазылған. Хабарда Берке Өзерді атақты Еуропа клубтарының алғысы келетіні де айтылған.  



Ұқсас жаңалықтар