Түрік  баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

790123
Түрік  баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «21 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Түрік Қарулы күштері тарапынан 12 тамыз күні Ирактың солтүстігіндегі Кандил аймағына Түрік әуе күштерінің ұшақтарымен әуеден операция жүргізілді. Осы операцияда 21 террорист залалсыздандырылды.  Олардың он үші өлтірілді. Түрік Қарулы күштерінің хабарламасында «Аталмыш операцияға байланысты аймақтағы хабар көздерінен алынған деректерге сүйене отырып операция нәтижесінде 13 террористтің өлтірілгені, 8 террористтің де ауыр жарақат алғаны білдірілді.  Барлығы 21 террорист залалсыздандырылды» деп айтылды.

Ватан газеті «Анкараға маңызды сапар» деген хабарға орын берген.  Сирия мен аймақтағы оқиғалар дипломатиялық бастамаларды да жылдамдатты.  Анкара осы апта маңызды қонақтарды күтеді.  Иран Штаб-пәтер төрағасы,  генерал-майор Мұхаммед Бакири ТР Штаб-пәтер басшысы,  армия генералы Хулуси Акардың шақыруымен бүгін Түркияға келеді.  Бакири басшылығындағы Иран әскери және саяси делегациясының Түркиядағы сапары үш күн болады. генерал Бакири генерал Акармен бас қосады.  Бакири ертең Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Жаниклимен кездеседі.  Иран хабар көздері Иран Штаб-пәтер басшысы Бакири және қасындағы делегациясының жоғары деңгейдегі әскери және саяси кездесулер өткізетінін білдірді.

Йени Шафак газеті «Идлибтің кепілі – Түркия» деген хабарға орын берген.  Сирия уақытша үкіметінің премьер-министрі Джеват Хатаб «Идлиб халқы Ресей, АҚШ және басқа да шет күштердің басқыншылығына тойтарыс береді. Түрік әскері біздің сенім және қауіпсіздік қайнарымыз. Аймағымызға келген жағдайда, халқымыз еш кідірместен түрік әскеріне құшақ жаяды» деді. Хатаб «Сирияда жасырын күштердің лас бөлісу істерімен бетпе-бет келіп отырмыз.  Барлық сыртқы күштер көзін Идлибке тікті. Осы үдерісте Түркия біздің маңызды сенім және қауіпсіздік көзіміз» деді.

Стар газеті энергия секторынан бір хабарға орын берген.  Орыс энергия алпауыты Лукойл мен Әзірбайжанның энергия компаниясы Socar әрі Түркияда инвестицияларын арттыру,  әрі ортақ қозғалу үшін келіссөз бастады.  Түрік жағармай нарығында жаңа ынтымақтастық ізденісіне кірген екі компания бірге үшінші тараптардың активтерін сатып алуды жоспарлап отыр.  Орыс Лукойлдың Жағармай және саудаға жауапты төраға орынбасары Вадим Воробьев Түркия мұнай өнімдері нарығының өздері үшін стратегиялық маңызда екенін және компанияның нарықтағы үлесін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіргендерін білдірді. «Түркияда шамамен 1 миллиард  долларлық инвестиция жасадық. Түркия жағармай нарығы біз үшін тартымды» деді ол.

Сабах газеті «Терроризмнен тазаланған аймақтар туризм жұмақтарына айналады» деген хабар жариялаған. Қауіпсіздік күштерінің табанды операциялары және халықтың да көмегімен шығыс және оңтүстік шығыс Анадолы аймақтары террорден тазалануда.  Әлеуметтік жобалар арқылы инвестициялар жүргізілетін аймақтар туризмшілер үшін де жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Ванның Ержиш ауданында Ван көлі жағалауындағы алаң пляжға айналдырылды.  Пляжда арнайы жобаланған демалыс алаңдары бар. Ержишке 10 км қашықтықтағы пляжға жергілікті халық пен туристтер көптеп келе бастады.



Ұқсас жаңалықтар