Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

785734
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Инвестицияның 70 пайызы Еуропадан» деген хабарға орын берген. Газет әлемде геосаяси қауіптер және белгісіздіктердің ықпалымен Халықаралық тікелей инвестиция жағдайы толқынды болған кезде Түркияға осы жылдың алғашқы 5 айында 5 құрлықтан тікелей инвестиция келгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда бес құрлықтан келген инвестициялар арқылы осы жылдың алғашқы 5 айында Халықаралық тікелей инвестиция көлемі 11 пайыз артып,  4,7 миллиард долларға жетті. Халықаралық тікелей инвестиция келген секторлармен қатар қайнарлардағы түрліліктер де назар аударды. Түркияның дәстүрлі халықаралық инвестиция қайнарлары болған Америка мен Еуропадан келген инвестицияларда азаю байқалса, Шығанақ елдері және Қиыршығыстан инвестицияларда арту болды.

Сабах газеті хабарын «Түркия жел энергиясында Еуропада төртінші орында» атты тақырыбымен берген. Газет Түркия жел энергиясында қаңтар-маусым кезеңінде жүйеге қосылған 377 мегаваттық жел әлеуетімен Еуропада төртінші орын алғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Еуропа Жел Энергия одағы WindEurope-тан жасалған мәлімдеме бойынша, Еуропада жылдың алғашқы алты айында барлығы 6100 мегаватт жел әлеуеті жүйеге қосылды. Германия 2200 мегаватт жел әлеуетін іске қосып Еуропада бірінші орынды иеленді. Хабарламада «Еуропада 1200 мегаваттпен Ұлыбритания екінші және 492 мегаваттпен Франция үшінші болды.  Түркия болса 2017 жылдың алғашқы жартысында жүйеге қосылған 377 мегаваттық жел әлеуетімен Еуропада төртінші орын алды» деп айтылды.

Аталмыш кезеңде теңіз арқылы (offshore) жел стансаларында болса барлығы 1300 мегаватт әлеуеттің іске қосылғаны атап көрсетілді.

Хабар Түрік газеті «Қытай Халық Республикасында 2018 жыл Түркия туризм жылы деп жарияланды» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Саяхат агенттіктері одағына мүше және Қытай Халық Республикасымен бірге жұмыс істейтін агенттіктер 2018 жылдың Қытайда Түркия туризм жылы деп жариялануы аясында бас қосты. Жиналыста арнаулы жыл шеңберінде Мәдениет және туризм министрлігіне ұсынылатын жоспарлар қолға алынды, Қытай нарығын білетін агенттіктердің бастамасымен осы елде Түркияны таныстыру шаралары қарастырылды.

Стар газеті «Айвалык зәйтүні Гонконгқа апарылды» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Балыкесирдің Айвалык ауданындағы бір фирма осы жылдың 6 айында Гонконгқа 150 мың долларлық зәйтүн, зәйтүн майы және зәйтүн сабыны сынды зәйтүннан жасалған өнімдерді экспорт етті.

Хүррмет газеті «Рамилге табыс тілейміз» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Лондонда өтіп жатқан 16-ші жеңіл атлетика әлем чемпионаты доғасына Түркия құрамасы да қатысуда. Ұлттық спортшы Рамил Гулиев еркектер 200 метрде жартылай финалға шықты. Рамил Гулиев бүгін жартылай финалда бағын сынайды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар