Түрік  баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

780534
Түрік  баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Анкарадан МакКоркке телефон» деген хабар жариялаған.  Түркияны Идлибте террорлық ұйымдарға көмек берді деп айыптаған Америка Құрама Штаттарының ДАИШ-пен күрес арнайы өкілі Брет МакКоркке сыртқы істер министрлігі тікелей телефон шалып, наразылық білдірді.  Министрлік МакКорктен сөздерін түзетуін сұрады.

Йени Шафак газеті жаңа тендерге байланысты хабар жариялаған. Жел энергиясы жаңаланатын энергия көздері үшін өткізілетін тендер 3 тамыз күні болады. Жаңаланатын энергия бас дирекциясының интернет парақшасында орын алған хабарландыруға қарағанда консорциумдардың өткен апта ұсынған досьелері қаралды және тендердің өтініш берген компаниялардың барлығының қатысуымен өткізілуіне шешім берілді. Түркияның 5 аймағында барлығы мың мегаваттық жел энергиясы әлеуетінің құрылуы үшін жасалатын тендерге өткен апта әлемнің ең әрі жел трибунасын өндіретін он компаниясының сегізі ұсыныс берді. Ұсыныс берген консорциумдар арасында төрт неміс,  екі қытай,  бір американдық және бір даниялық компания орын алды.

Хүрриет газеті туризм хабарына орын берген.  Анталияның туристік аймағы Кундудағы әлемнің он үшінші,  Түркияның тұңғыш теріс үйіне келушілер көп. Муратпаша ауданында екі жыл бұрын 300 шаршы метрлік алаңға 85 шаршы метрге салынған теріс үйге ашылған күнінен бері түрлі елдерден туристер келуде.  Теріс үйді көргісі келгендер естелікке суретке де түседі. Теріс үйдің алты айда бір декорациясы өзгеріп тұрады.

 Сабах газеті Жерар Депардье хабарына орын берген.  Италияда жарияланатын «Corriere della Sera» газетіне сұхбат берген Жерар Депардье биыл 74-шісі ұйымдастырылатын Венеция фильм фестивалі жақындап қалғаны еске салынып,  «Бүгін фестивальдер кино өнеріне қаншама үлес қосады?» деген сұраққа орай «Венеция және Берлин фильм фестивалі Канн фестивалінен көп үлес қосады. Канн әшекей сахнасы және сән шеруіне айналды. Сонымен бірге әрдайым бірдей актерлер мен бірдей режиссерлерді шақырады. Алайда Түркия мен Қытайдан әлі қызықты фильмдер келуде» деді.

Стар газеті «Алтын балалар» деген хабар жариялаған.  Самсун қаласында өткен Саңырау жандардың 2017 жазғы олимпиадасында ерлер арасындағы футбол құрамасы ақтық сайыста Украина командасын жеңіп, чемпион атанды.  Президент Режеп Тайып Ердоған осы чемпиондыққа байланысты Түркия Саңырау жандар спорт федерациясы төрағасы Якуп Үмит Кихтирді құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар