Түрік  баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

774241
Түрік  баспасөзіне шолу

Сабах газеті «АҚШ-тың PKK/PYD-ге қолдауы тағы бір рет дәлелденді» деген хабар жариялаған. Анадолы агенттігінің АҚШ-тың Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы PYD/YPG басып алған аймақтағы екі әуе базасы және 8 әскери пунктті тізім жазған хабары жаңғырық туғызды.  «Сирияда 10 жерде PKK/PYD-ге АҚШ қолдауы» атты хабарны қарағанда PKK/PYD –нің басып алған жерлерінде 320 километрден көп алаңға жайылған АҚШ әскери болмыстары ортаға шығарылды. PYD Сирияның солтүстігінде Түркия шекарасы бойында, шығыста Хасеке,  Ракка қаласының солтүстігі мен Халебтің шығысындағы Манбич пен солтүстік батысындағы Африн және Тел Рфат аудандарын басып алып отыр.

Хабертүрік газеті отандық танк Алтайдың өндірісіне байланысты бір хабар жариялаған. Алтай танкының өндірісі үшін Отокармен бірге BMC FNSS компаниялары тендерге ұсыныс беру үшін шақырылды.  Отандық үш компания қатысатын тендер алғашқы сатыда 250 танктың өндірілуін қамтиды. Түркия жалпы Алтай танкынан мың дана жасап шығаруды жоспарлап отыр. Алтай  Түркияның оригиналды дизайн өмірі болып табылады. Үшінші буын шайқас танкы.

Ватан газеті «Орыс туристер рекордқа қарай» деген хабар жариялаған. Өткен жылы 1 қаңтар мен 17 шілде арасында 3 миллион 200 турист келген Анталияға биылғы жылдың осы кезеңінде келген турист саны 4 миллион 372 мыңға жетті. Орыс турист саны 1 миллион 676 мыңға жетті.  Осы көрсеткішпен Анталияда Ресей нарығында 2015 жылмен салыстырғанда 21 пайыз артты.  Орыс нарығынан айрылып қалған Еуропа нарығында болса көптеген елде едәуір шығын бар.

Стар газеті де экономика хабарына орын берген.  Түркияның 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін жылдам жинақталуы несие дәрежелендіру ұйымдары мен банктерді тәртіпке келтірді. Түркия экономикасының өткен жылғы 2,9 пайыздық өсімінен кейін биылғы жылдың алғашқы ширегінде 5 пайыз өсуі халықаралық ұйымдардың болжамын бұзды. Moodys-тің сәуір айында Түркияның 2017 жылғы өсір болжамын арттырып еді. Артынан қалғандары да арттырды.  Түркияны жақыннан бақылап отырған АҚШ пен Еуропа банктері және халықаралық ұйымдардың тоғызы болжамдарын өзгертті.

Йени Шафак газеті «Биржа Стамбулда мақсат – 110 мың ұпай» деген хабарға орын берген.

Шамамен 7,5 айдан бері көтеріліп келе жатқан Биржа Стамбул 13 маусым күні 100 мың, 14 шілде күні 105 мыңға жетті.  Бүгін 106,546 ұпаймен ең жоғары деңгейде. Биржа Стамбул енді назарын 110 мыңға тікті. Осылайша биржа инвесторларын 36 пайыз табысқа жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар