Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті “Әлеуметтік медиа және кейбір баспасөз ұйымдары адамның миын шатастыруға тырысуда» деген хабарға орын берген.

Газеттің хабарына қарағанда Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Катар дағдарысын шешуге Түркия талпыныс көрсетуде. Түркияның талпыныстарын бұрмалауға тырысқан және осы арқылы Түркияға қарсы кампания жүргізген кейбір күштер бар» деді. Ибрахим Калын кейбір күштердің Катар дағдарысы арқылы аймақта жасанды шеп қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Калын «Катар дағдарысының шешімінде үлес қоспаған, айтақтаушы мәлімдемелерді қабылдамаймыз. Медиа соғыстары ешқайсымызға пайда әкелмейді. Жүргізілген дипломатиялық саясаттардың сезгірлігіне назар аударатын болсақ, бұның тек ғана аймақ халқының дұшпандарын қуантатынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан мәлімдеме жасалған кезде және мақала жазған кезде осы сезгір мәселелерге назар аударған жөн» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті хабарын «Хүркуш Париж аспанында» атты тақырыбымен берген. Газет Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі TAI Хүркуш ұшақтарын әлемнің ең үлкен авиация жәрмеңкесінің бірі болған Париж Airshow-да көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда әлемнің ең үлкен азаматтық, әскери авиация және ғарыш жәрмеңкесіне алғаш рет түрік фирмалары қатысуда. Жәрмеңке үшін Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі TAI ұшақтарын алдыңғы күні Парижге әкелді.

Ватан газеті «Фитч Түркия экономикасы 4,1 үлкейетінін межелеуде» деген тақырып қолданған. Газеттің хабары бойынша Халықаралық несие бағалау мекемесі Фитч Түркия экономикасының биыл 4,7 пайыз, келесі жылы 4,1 пайыз үлкейетінін межеледі. Фитч  өткен жылы  1,6 пайыз үлкейген АҚШ экономикасының  2017 жылы 2,1 пайыз, 2018 жылы 2,6 пайыз үлкейетінін пайымдады.

Хабар Түрік газеті «Ғарыштағы алғашқы ел Асгардиаға Түркиядан  өтініш бергендер саны өте көп» атты хабарға орын берген. Газет мөлшермен 100 мың адам өмір сүретін ғаламшарда құрылатын бір ғарыш станциясы үшін алғашқы қадамның басылғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда алғашқы ғарыш ел жобасы азаматтығы үшін өтініш бергендер саны 221 мың 866 адамға жетті. Қытай бірінші орынды иелеген өтініште Түркия  29 мың 844 адаммен екінші орынды иелеуде. Түркиядан ең көп өтініш Стамбул қаласынан берілді.

Сабах газеті «Ағылшын баспасөзі террорист деп айта алмады» деген хабарға орын берген. Газет Лондонда бір террорист мешіттен шыққандарды басып өткенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Ұлыбританияда террорист мұсылмандарды нысанға алды. Ұлыбританияның астанасы Лондонда болған оқиғада 1 адам қаза тапқан, 10 адам жарақат алған еді. Өкінішке орай бұдан бұрын «Исламшы террорист» деген сөз қолданған ағылшын баспасөзі «мұсылмандарды өлтіремін» деген шабуылшыға болса «террорист» деп айта алған жоқ.

 



Ұқсас жаңалықтар