Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

737350
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Төл құжаттарды алып тастайық» деген тақырып қолданған.  Хабарда Стамбулда өткен Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымының 25 жылдығына арналған саммитке орын берілген. Хабарға қарағанда осында сөз сөйлеген президент Режеп Тайып Ердоған сауда мен инвестициялардың мықты болуы үшін негізгі шарттың тыныштық пен тұрақтылықы екенін айтып, мүше елдерге «Қаратеңіз территориясының бейбітшілік,  тұрақтылық және молшылық ішінде болу баршамыздың ортақ мақсаты болуы керек» деді. Түркияның Грузия және Украинамен төл құжатсыз саяхаттың жолын ашқанын еске салған Ердоған «Біз осы жеңілдікті барлық елдерге бергіміз келеді.  Және көршілермен жақындасуды қалаймыз» деді.

Хүрриет газеті «АҚШ-қа нота» деген хабар жариялаған. Президент Ердоғанның өткен аптадағы Америка Құрама Штаттарындағы сапары барысында Түркияның Вашингтон өкілетті елшілігі алдында ыңғайсыз оқиға болған еді. Сол оқиғаға байланысты Сыртқы істер министрлігі кеше АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Джон Бассты шақырып, нота берді. Сыртқы істер министрлігі АҚШ полициясының «дипломатиялық қағида және кәсіпқойлыққа жатпайтын шабуылдаушы ұстанымының ауызша және жазбаша протест етілгенін» хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі арқылы екінші бір оқиға болғаны ортаға шықты.  Елшілік алдындағы оқиға барысында Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның екі оққағары қамауға алынып,  қысқа уақытта еркін жіберілген екен.

Хабертүрік газеті «Ана шеміршегінен құлақ» деген хабар жариялаған.  Газиантеп қаласында дүниеге құлақсыз келген 22 жасар жігіттің емінің табыспен аяқталғанын жазған.  Бір жарым жыл бұрын анасының шеміршегінен жаңа құлақ жасалған Үмит Гүлдің дәрігері Газиантеп Университеті Медицина факультетінің Хирургия кафедрасы меңгерушісі Проф. Мехмет Мутаф «Дүние жүзінде бірінші рет бір тірі адамнан шеміршек алынып,  табысты операция жүргізілді» деді.

Ватан газеті «Қиналма, Павлопулрс» деген хабар жариялаған.  Стамбулда өткен Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитіне президент Ердоғанның грек және серб өкілдеріне Фенербахче туралы айтқандары таңбасын басты. Хабарға қарағанда президент Ердоған Сербия Сыртқы істер министрі Ивика Дасичтің баяндамасынан кейін сөз кезегін алып, Түрік Әуе жолдары Еуропа лигасы финалында Фенербахче командасының чемпион болғанын еске салды.  Фенербахченің жаттықтырушысы мен екі маңызды баскетболшысының серб екенін айтқан Ердоғанға Дасич «Бұл біздің ортақ жеңісіміз» деп жауап берді. Ердоған артынан Грекия президенті Прокопис Палопулосқа қарап: «Құрметті досым, сен де қиналма.  Себебі Костас Слукас Грекиядан, ол да Фенербахчеде ойнайды. Тамаша ұйымшылдықпен Фенербахче Еуропа чемпионы болды» деді.

Йени Шафак газеті «5 мың жылдық люкс мекен табылды» деген хабарға орын берген. Измирдің Борнова ауданында Йешиловада жүргізілген қазба жұмыстарында бес мың жыл бұрыннан қалған Троя өркениетінің іздері табылды.  Елді мекендегі 75-80 шаршы метр алаңда сол кездің люкс үйлері табылды.



Ұқсас жаңалықтар