Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кебір жаңалықтарға орын берген.

736546
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ал, қай жерде қалып едік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Анкара Арена спорт залында кеше болып өткен 3-ші кезектен тыс құрылтайында 1 мың 414 дауыспен қайтадан Әділет және даму партиясы төрағалығына сайланды. Залды толтырған партиялықтармен «Ал, қай жерде қалып едік» деп амандасқан президент «Бүгін қайтадан Бісмилла дейміз, Фатиха сүресін оқып, одан үлкен нысаналар үшін одан көп жұмыстанамыз» деді.

Хүррийет «Тұңғыш рет грек президенті Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекия президенті Прокопис Павлопулос Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының(KEİ) 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын саммит үшін Стамбұлға келеді. Павлопулос саммит кезінде президент Ердоғанмен бас қосады. 67 жасар Павлопулос Түркияға сапарлай келетін тұңғыш Грекия президенті болу ерекшелігіне ие. Мұның алдында 1952 жылы 7 маусым күні Грекия королі Павлос Түркия Республикасы президенті Джелал Баярдың шақыруымен келіп, Анкара мен Стамбұлда болған еді.

Сабах газеті «Үлкен кемелерге жаһандық көшбасшысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік фирмаларының жаһандық аренадағы табыстарына күн сайын жаңасы қосылуда. Бұл фирмалардың бірі ретінде «Global Ports Holding» соңғы жылдардағы бастамасымен әлемнің үлкен кеме порты алпауыттарының бірі болды. Соңғы рет Лондон биржасында құны көтеріле бастаған фирма Кушадасынан Барселонаға, Сингапурдан Венецияға дейін жалпы 14 портқа инвестиция салды. Бұл санды 30-ға жеткізгісі келген фирма Йеникапыға да 8 докты бір порт құрылысын салуды нысанаға алып отыр.

Хабертүрік газеті «Мобильді төлемде әлемді артта қалдырдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс зерттеу фирмасы «growth from knowledge» GfK  тарапынан 20 мемлекетте жүргізілген зерттеумен тұтынушылардың 30 пайызының барынша төлемдерін мобильді аппараттармен жасауды таңдағаны, Түркияның болса 45 пайызбен әлем мемлекеттерін артта қалдырғаны атап көрсетілді.

Ватан газеті «Еуропаның жеңімпазы Фенербахче» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Баскетболдан Фенербахче Еркектер командасы Түрік әуе жолдары Еуропа лигасының 2017 жылғы ақтық сайысында Грекияның Олипиакос командасын Стамбұлда 80-64 жеңіп, Еуропа Чемпионы аталды. Фенербахче командасы ойыншысы Мелих кубокты көтерген кезде Синан Эрдем Спорт залы мереке жеріне айналды. Матчты Түркияның 81 қаласында құрылған 160 дәу экранда он мыңдаған адам тікелей эфирде тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар