Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түркия тарихының ең маңызды күресін жүргізуде» атты хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияның террормен күресудің маңыздылығын түсіндіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Тразбонда халыққа үндеу тастаған Ердоған «Бұл отан найзаның ұшы, шәйіттердің қанымен азат етілген. Егер отанымызға көз тіккендер бар болса, өте көп шығын төлейтінін аңғарулары керек» деді. Террормен күресуде қол жеткізген табыстарға тоқталған Ердоған «Шәйіттеріміздің бір тамшы қаны босқа ақпайды. Түркия тарихының ең маңызды күресін жүргізуде. Түркия кебенін жыртып көмудің алдындағы мазардан шығуда. Түркияны мың жылдық географиядан, мың жылдық бауырластықтан және туыстықтан ажырату үшін жанталасудың себебі де осы» деді.

Сабах газеті хабарын «16 сәуірде террор ұйымдарына үлкен соққы беріледі» атты тақырыбымен берген. Газет Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрактың президенттік басқару жүйесі де қамтылған 16 сәуірдегі атазаң өзгерістері референдумының үлкен және күшті Түркия үшін өте маңызды екенін баяндағанына орын берген. Газеттің хабары бойынша Албайрак референдумда сонымен қатар Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-нің 15 шілде күнгі қанды төңкерісіне тойтарыс берілетінін, Түркияны күйретуге тырысқан барлық террор ұйымдарына қатты соққы жасалатынын білдірді. Албайрак референдум болған кезде халықтың  береке-бірлік ішінде болуы керектігі жөнінде үндеу тастады.

Йени Шафак газеті «Шетелде дауыстар 7 күнде 600 мыңнан асты» деген тақырып қолданған. Газет атазаң өзгерістеріне байланысты шетелдегі 10 мемлекет пен 40 консульдық аймағында референдум үшін дауыс беру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлаған.  Газеттің хабарына қарағанда референдумда кеше 78 мың 146 адам дауыс берді. Жетінші күннің аяғында 602 мың 126 түрік азаматы дауыс қолданды . Дауыс беру жұмыстары осы қарқында жалғасатын болса 55 пайыз қатысу деңгейінен асатыны межеленуде.

Ватан газеті «Түркиядан Германияға жедел аттаныс» деген хабарға орын берген. Газет Германияның көптеген Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ мүшелеріне саяси паналау құқығын тануы Анкараны аттанысқа келтіргенін жазған. Газеттің хабары бойынша Анкара 15 шілде күнгі қанды төңкеріс әрекетін жасаған FETÖ террористтерімен байланысты дәлелдерді Берлинге жолдады және қайтарып беруді талап етті. Алайда Германияның террористтерге ие шығуы Анкарада наразылыққа себеп болды. Анкара Германияның FETÖ тақырыбында қажетті қадамдарды басқанға дейін террор тысындағы басқа тақырыптарда ұлттық барлау ұйымының ынтымақтастығын тоқтатқанын Германияға жеткізді. Осы аяда Түркияның ДАИШ тысындағы тақырыптарда Берлин әкімшілігіне мағлұмат беруді тоқтатқаны да түсіндірілді.

Стар газеті «Батыстың қарсысындағы террор қаупі» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда ДАИШ-ке қарсы бір басқа террор ұйымы бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы PYD-ні қолдаған Батыс үкіметтерінің PYD-ге қатысқан өз азаматтары тарапынан қауіп төндірілуде. Сирияда әрекет жасаған Батыстық террористтер өз ұйымдарын құрып, әлем елдеріне қарсы соғыс ашатынын жариялады.

 



Ұқсас жаңалықтар