Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

702245
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «АҚШ-тың Әділ Өксөз жөніндегі мәлімдемесі көңілге толмайды» деген хабарға орын берген. Газет Фетуллахшы террор ұйымы параллел мемлекеттік жүйесі FETÖ-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінде Акынжы базасында ұсталып еркін қоя берілген FETÖ имамы Әділ Өксүздің 21 шілде күні Америка Құрама Штаттарының Стамбул Бас консульдығынан телефон арқылы сөйлескенінің жарыққа шыққанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ елшілігі Өксүздің визасының күшінен қалдырылуы үшін ізделгенін жариялаған. Ресми мәлімдеме жасаған премьер-министр Бинали Йылдырым «Көліңге толатын бір жауап күтеміз» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Террорға қолдау көрсеткен неміс қорлары қадағалануда» атты тақырыбымен берген. Газет Түркияға қарсы әрекеттердің артқы жағында неміс қорларының бар екенін жариялаған. Газеттің хабары бойынша Еуропада Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ, ПКК және DHKP-C сынды террор ұйымдары үшін жұмыс істеген Германия бір жағынан террористтерді түрік қауіпсіздік күштеріне қарсы қорғаса, енді бір жағынан тыңшы қорлар арқылы Түркияға қарсы әрекет жасауда. Түркияда ресми түрде жұмыс істеген 22 шетелдік қордың көбінің немістерге тиесілі. Осы қорлардың террор топтары үшін қызмет етуі назар аударуда. Шеру ереуіліне белсенді түрде қолдау көрсеткен ПКК-ның бекіністері үшін жабдық қамтамасыз еткен неміс ұлттық барлау болып табылады.

Ватан газеті «Booking.com-ның Түркиядағы жұмыстары тоқтатылды» деген хабарға орын берген. Газет Стамбул 5-ші сауда сотының Booking.com-ның Түркиядағы жұмыстарын тоқтату жөнінде үкім шығарғанын жеткізген.

Сабах газеті «Түркияға қарсы сөйлеген кезде абай болу керек» атты тақырыпқа орын берген. Газет Грекияның бұрынғы премьер-министрі Костас Симитистің 13 жылдан кейін тұңғыш рет берген сұхбатында Грекия лауазымдардың Түркия жайлы абай болулары керектігін айтқанын баяндаған.  Газеттің хабарына қарағанда Грекия қорғаныс министрі Ппанос Камменосқа сілтеме жасаған Симитис Түркияны ашуландыратын сөздерден аулақ тұру керектігін білдірді.

Сабах газеті «Рағайып түні, үш айдың сүйіншісі» деген хабарға орын берген. «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» барша мұсылман әлемінде қасиетті айларға жатады. Бұл қасиетті күндер мен түндерді біздің тәубе-истиғфар жасауымызға зор мүмкіндік беретін сәт десек те болады.

Режеп айының бірінші бейсенбі күнін жұма күніне жалғайтын түнді «Рағайып түні» деп қабылдаймыз. Рағайып түнін «жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түні адамның жан сарайына шуақ берер амалдар жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, дұға, кешірім тілеп, намаз оқыған.

 


Этикеттер: #FETÖ , #АҚШ , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар