Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

697332
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті президент Ердоғанның сөздерін хабар қылған. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған Еуропаның өз мүддесі әңгіме болғанда,  демократияны, құқықты,  еркіндіктерді, әділетті шетке тастағанын,  мәселе Түркия болғанда беттеріне дереу демократия маскасын тағып алатынын айтты.  «Біз де алдымызға маскамен келгендерге енді қарақшы деп қараймыз» деді ол. Президент «Медиа өкілі деген сылтаумен террор ұйымдарына партизандық,  шетелдік барлау қызметтеріне тыңшылық жасағандарға еш жылы қарамаймыз.  Үрдіс осылай жалғасады» деді. Президент сонымен бірге «Мені сына. Қателерімді айт. Бұлардан мен де пайдаланамын. Бірақ балағат сөз айтсаң, оған шыдай алмаймын» деді.

Ватан газеті «Екінші Кандил бастарына құлайды» деген тақырып қолданған.  Түркия Солтүстік Иракта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның екінші база қылуды ойластырған Синжардағы оқиғаларды жақыннан бақылап отыр. Синжар мен Махмурдағы террор ұйымына қарсы Солтүстік Ирак аймақтық әкімшілігімен істелетін жұмыстар қарастырылуда.  Мосулдағы ДАИШ-қа бағытталған операциялар белгілі бір сатыға келгенде пешмерга күштері Синжарға шоғырланады. Террор ұйымының Синжарға орналасуының алдын алу үшін Түркия шекарасына жақын жерлерге Түрік Қарулы күштері база құруы мүмкін. Түрік Қарулы күштерінің база құру жоспары Ирак Күрд аймақтық әкімшілігімен талқыланды.

Йени Шафак газеті Түрік Әуе жолдарына байланысты хабарға орын берген.  Батыстық авиакомпаниялар Түрік авиакомпаниясымен коммерциялық жағынан бәсекелестік жасай алмағандықтан, араға саясатты араластырды.  Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания бір террор ақпарын сылтауратып, Стамбулдан ұшатын рейстерге электрондық жиһаз тыйымын келтірді.  Негізгі себеп болса Түрік Әуе жолдарының шетелдік рейстердегі табысы. Түрік авиакомпаниясы әлемдегі жолаушылардың 78 пайызына қол жеткізіп отыр.  Дүние жүзіндегі ең ірі әуежайы болатын Стамбулдағы үшінші әуежайы аяқталғанда,  халықаралық транзит жолаушы саны нарықтағы теңдікті бұзады.  Сондықтан АҚШ бастаған, Ұлыбритания жалғастырған үлес алып қалу «соғысына» алдымыздағы күндерде басқа елдердің де қосылуы күтілуде.

Стар газеті осы хабарды «Қауіпсіздік уайымы- сылтау, мақсат – экономикалық төңкеріс» деген тақырыппен жариялаған.  Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Стамбулдан ұшатын ұшақтарға электрондық жиһаздармен кабинаға кірмеу тыйымына наразылықтар артты. Бизнес әлемінің өкілдерінің ойынша тыйымның мақсаты – Түрік Әуе жолдарының қарсыластарына күш беру. Түркия – Еуропа білім және ғылыми зерттеулер қорының төрағасы Фарук Шен «АҚШ Түркияның үшінші әуежайының транзит орталық болмауы үшін осындай шешім қабылдады.  Транзит рейстер Франкфуртқа, Парижге ауыссын,  Стамбулда болмасын дейді.» деді. МҮСИАД-тың АҚШ-тағы басшысы Мұстафа Тунджер де тізімнің қауіпсіздіктен гөрі экономикалық себептермен қалыптастырылғанын, Стамбулға қарсы саяси кедергі екенін білдірді. Туризм инвесторлары қоғамының төрағасы Мурат Ерсой да «Бұл толығымен үгіт-насихат.  Стамбул немесе Дубай сенімді әуежайлары ретінде танымал. Осы елдерде нысана қып көрсету – қабылданбайтын нәрсе» деді.

Сабах газеті «Атақтылар Стамбулға келеді» деген хабар жариялаған.  БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы әлеуметтік көмек жобаларын жалғастырған Галатасарай футбол клубы Түркияның ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Фатих Теримнің де қолдауымен 17 мамыр күні ірі организацияға таңбасын басады. 2000 жылы 17 мамыр күні UEFA кубогын жеңіп алған Галатасарай клубы осы күнді бұдан былай Галатасарай мерекесі ретінде тойлайтын болады. Стамбул Аренада атақты футболшылар матчқа шығады. Мысалы Хаджи, Попеску,  Таффарель, Дрогба және Тудор футбол ойнайды.



Ұқсас жаңалықтар