Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

688646
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ең маңызды саммит» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен соңғы 6 айдағы 4 реткі кездесуін өткізетінін жазған. Газеттің хабарына қарағанда кездесуде террор ұйымы PYD мен YPG-ге берілуі күтілген Мүнбичтегі стратегиялық түйіннің шешілуі күтілуде. Ракканың ДАИШ-тен құтқарылу операциясы да қолға алынады. Саммитте Евфрат қалқаны операциясы, мүмкін Ракка әрекеті және Түркияның алуды жоспарлаған S-400 зымыран қорғаныс жүйелері де күн тәртіпке келеді. Түркия мен Ресей қарым-қатынастары тұрғысынан өте маңызды болған басқа бір тақырып болса энергия. Аккую атомдық станциясы мен Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі де талқыланады. Саммитте өте маңызды келісімдер жасалады. Бұлардың тек экономика және сауда алаңы ғана емес, сонымен қатар техникалық және мәдени қарым-қатынастар да қамтылады.

Хабар Түрік газеті «Мәвлүт Чавушоғлұ: барлық тосқауылдарға қарамастан Роттердамға барамын» атты тақырып қолданған.  Хабарда Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның «Екі күн бұрын Гамбург қаласында түрік азаматтарымен кездестік. Сенбі күні де барлық тосқауылдарға және нәсілшіл сөздерге қарамастан Роттердамға барымыз. Ол жерде түрік бауырларымызбен кездесеміз. Бізге кімде кім тосқауыл жасай алмайды» дегеніне орын берген. Газеттің хабары бойынша соңғы күндерде , әсіресе кейбір елдердің Түркия министрлерінің түрік азаматтармен бас қосуларына тосқауыл жасағанын түсіндірген Чавушоғлұ әрі азаматтарымызға азаматтық бермеуде, әрі оларға қысым жасауда. Бұл әрекеттер адамдық қасиеттерге, достыққа, адам құқықтарына, құқықтың үстемділігіне, демократияға және еркіндіктерге қайшы» деді.

Стар газеті хабарын «Швейцария Германияға Түркия сабағын берді» деген тақырыбымен берген. Газет Швейцария сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның жексенбі күні жасалатын Цюрих бағдарламасының күшінен қалдыруының әрқандай бір себебінің болмағанын жариялағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Швейцария сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Чавушоғлұның Цюрих сапары жөнінде «Ешқандай нәрсе сөз еркіндігін тоса алмайды» деген сөздер қолданылды.

Ватан газеті «Түркия екі теңізде табиғи газ іздейді» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның соңғы жылдарда табиғи газ жөнінде маңызды инвестиция сала бастағанын және мұнай мен табиғи газ іздеу жұмысын тездеткенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда биыл Қаратеңіз бен Жерорта теңізде мұнай және табиғи газ үшін Түркия маңызды талпыныстар көрсетеді. Үкімет Жерорта теңіз бен Қаратеңіз су айдынында мұнай және табиғи газ іздеу жұмысын бастайды.

Стар газетісі «Бешикташ жанкүйерлері өте мықты» деген тақырып қолданған. Газет Афиныдағы Georgios Karaiskakis стадионында ойналған Olympiakos-Бешикташ футбол бәсекесінде түрік жанкүйерлерінің өте керемет екенін жазған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар