Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

685257
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Қаласам ертең-ақ барамын!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Германия және Голландияда түрік министрлердің Атазаң өзгерісі үшін бүкілхалықтық референдум іс-шараларына рұқсат берілмеуіне наразылық көрсетіп, «Неміс әкімшілігіне үн қатамын, демократияға сенген халықаралық қоғамға үн қатамын, егер еркіндіктер үшін күресетін болсақ, егер сөз еркіндігінен мазасызданбайтын болсақ, егер демократияға сенетін болсақ, онда біздің алдымызда ешкім тұра алмайды. Барша білсін. Мен нацизм жойылды деп ойлайтын едім. Өкінішке орай жалғасып жатыр екен. Қазір ‘Тайып Ердоған Германияға келетін еді ғой’ деп ойлаған шығар. Мен қаласам барармын және шекара қақпасынан кіргізбейтін болсаңыз немесе сол жерде мені сөйлетпейтін болсаңыз, сонда мен бүкіл әлемді аяғынан тік тұрғызамын» деді.

Ватан газеті «Еуропаға барамыз осыған ешкім бөгет бола алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Германияның артынан басқа Еуроодақ елдерінің де референдум іс-шараларына бөгет жасауына наразылық көрсетті. Чавушоғлу «Барамыз азаматтарымызбен басқосамыз. Осыған не ПКК қанішерлер, не болмаса азаматтарымызбен мықты байланысымызға мазасызданғандар кедергі жасай алмайды. Демократиялық құқымызды, әр жерге барып қолданармыз. Олар қалайша келіп Түркияда қолданатын болса, мен де барып қолданармын. Кім не айтса айтсың, не қаласа ойласын! Олардан қорықпаймыз, олардан шегінбейміз» деді.

Йени шафак газеті «Сыпыру операциясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Диярбакырдың Лидже ауданында ПКК террор ұйымына бағытталған соңғы жылдардың ең үлкен операциясы басталды. 10 күнге жалғасатын операцияға 17 тікұшақ, 7 мың жандармерия, 600 арнайы жасақ полициясы және 559 уақытша қарауылдар қатысады. 1 метрден асқан қарлы тауда табысты жалғасқан операцияда қауіпсіздік күштері мен ПКК-лық террористтер арасында қақтығыстар шығып, көптеген террористтің жансыз қолға түскені атап көрсетілді.

Хабертүрік газеті «Түріксат 6А толығымен отандық өндіріс болмақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Түріксат 6А-ның толығымен отандық және ұлттық резервтермен өндіруді жоспарлағандарын атап көрсетті. Түркия Ғарыш агенттігі Заң жобасының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне жіберілгенін атап айтқан Арслан «Түркия Ғарыш агенттігімен бірге бұдан кейін жер серігі өндіретін, жер серігі ұшыратын, бірақ осымен шектелмей, жер серігі экспорттайтын бір елге айналғымыз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар