Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

683808
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Эль-Бабтан Мүнбичке қарай жылжимыз» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Пәкістан сапарынан оралған кезде журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарғанын және Сирияда Эль-Бабтан кейінгі процестің Мүнбич болатынын айтқанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түрік қарулы күштерінің Сирияда жүргізген Евфрат қалқаны операциясына тоқталған Ердоған кезектің Мүнбичке келгенін атап көрсетті. Ердоған «Джераблус, Раи және Дабык қалаларының артынан қазір Әль-Бабтамыз. ‘Біздер тазалық жасаймыз’ десек болады. Ары қарай операцияларымыз жалғасады. Әль-Бабтан кейін Мүнбичке қарай жылжимыз» деді. Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Мүнбич пен Раккаға қатысты әлі нақты бір шешім ұсынбағанын атап, «АҚШ-тан бастап коалиция күштерімен егер ортақ қадам басатын болсақ, Ракка кезеңін бірге басқаруға ниеттіміз. Басқа жағынан Ресей Федерациясынан ‘ДАИШ-ке қарсы ортақ күресеміз’ деген талап келсе, тіпті бұл күресті бірге жалғастыруымызға болады. Осы айдың ішінде Ресейге ресми сапармен барамыз. Барлық тақырыптарды сол жерде егжей-тегжейлі бағалау мүмкіншілігіміз бар» деді.

Стар газеті «Талғамдарыңды жасаңдар. Біз немесе PYD-ні таңдаңдар» атты тақырып қолданған. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның астана Анкарада Халықаралық омбудсмен жиналысында жасаған баяндамасында кейбір террор ұйымдарының Сирияда  YPG, PYD  сынды аттармен жаңа бір ізденіс ішіне кіргендерін айтқанын хабарлады. Газеттің хабары бойынша Йылдырым «Қандай шапан кисе де біз оларды білеміз. Сондықтан дос және одақтастарымыз осы жөнінде ой жүгіртулері керек. Кіммен бірге болатыны жайлы шешім жасағандары жөн. Талғамын айқын таңдаулары керек. Түркия мен террор ұйымдарының біреуін таңдағаны абзал» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Шекарада қауіпсіздік шаралар орнатылды» деген тақырыбымен берген. Газет Евфрат қалқаны операциясымен террористтерден тазаланған Сирия шекарасында қауіпсіздік жүйесінің орнатылғанын білдірген. Газеттің хабарына қарағанда заңсыз әрекеттер тоқтатылды. Шекарада мықты қауіпсіздік шаралар жасалды.

Йени Шафак газеті «Дипломатиялық провокация» атты хабарға орын берген. Газет FETÖ, ПКК ve DHKP/C террорист әрекеттеріне рұқсат берген Германияның Әділет министрі Бекир Боздағ пен Экономика министрі Нихат Зейбекчинің жиналыс өткізуіне рұқсат бермегенін жариялаған. Газеттің хабары бойынша  Әділет министрі Бекир Боздағ та Германиядағы жиналыстың өткізілуіне рұқсат бермеуіне орай бір мәлімдеме жасады. Боздағ әрқашан адам құқықтары, демократия, құқықтың үстемділігі және сөз еркіндігі мәселесін қорғау жөнінде сөз қозғаған Германия үкіметінің бір жиналыс өткізудің өзіне рұқсат бермегенін түсіндірді. Боздағ Германия үкіметінің осы тұғырының қабылдауға болмайтынын баяндады.  

Ватан газеті «Алғашқы отандық базалық станциясы» деген хабарында Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN бас директорының орынбасары Яуыз Байыздың Түркияның алғашқы отандық базалық станциясының жұмысқа қосылғанын айтқанын мәлімдеген.

 

 



Ұқсас жаңалықтар