Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

680735
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Президенттік жүйемен ықпалды сыртқы саясат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда одан мықты Түркия үшін Атазаң өзгерісі (16 сәуір күні өтетін бүкілхалықтық референдум) халыққа ұсынылады. Жаңа Атазаңда президенттік жүйені қамтыған үкімет моделі Түркияның сыртқы саясатын және халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, жаһандық дағдарыспен ықпалды күрес жүргізіледі. Түркия ішкі тұрақтылығын халықаралық қарым-қатынастармен көрсетеді. Әрі аймақтық, әрі халықаралық қатынастар саласында одан белсенді және көп тұсты саясат жүргізіледі. Ішкі саясаттағы шатақтар жойылып, Түркия әскери және қорғаныс өнеркәсібі салаларына одан көп назар аударады. Жаңа кезеңде Түркияның НАТО-дағы маңызы артады. Түркия экономикалық саясаттарды жандандырады. Түркия инвестиция және өркендеу кезеңін жылдамдатады.

Хабертүрік газеті «Израильдің Стамбұл бас консулы Шаи Кохен: Қарым-қатынастар нашар кездің өзінде түрік лауазымдылары өте жақсы қозғалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израиль мен Түркия арасындағы Көгілдір Мәрмәр оқиғасында қарым-қатынастар тоқтап, өкілетті елшілер шақырылған кезде ұзақ уақыт Түркиядағы ең жоғары мәртебелі израильдік лауазымды ретінде міндет атқарған Кохен «Түркияға мен келмей тұрып негізінде реттеу кезеңі басталған болатын. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалған еді. Көгілдір Мәрмәр оқиғасы үшін кешірім сұраған болатын. Толығымен келісім жасалатын кезде Газаға жасалған операция жағдайды теріске айналдырды. Осы жаңалықтар кезінде Түркияға келдім. Алғашқы кезде міндетімнің ауыр өтетінін біліп тұр едім. Бірақ барлық кездесу өтініштерім, барлық бастамаларым 90 пайыз болымды нәтижеленді» деді.

Ватан газеті «Шекараға салынған дуалдың жартысы аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия-Сирия шекарасына Премьер-министрлік топтық тұрғын үй басқармасы тұрғызған 511 шақырымдық ‘қауіпсіздік дуалы’ 50 пайыз салынды. Басқарма төрағасы Эргүн Тұран «шекара желісі бойынша ені 2 метр, биіктігі 3 метр және 7 тонналық жылжымалы плиталар салынды. Дуалдардың үстіне ұстаралы сым тартылды» деді. Тұран салынған шекара дуалының ‘жылжымалы екенін’ атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Жаһандық дөңгелек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда отандық марка және жергілікті өндіріс соңғы жылдары Түркияда жиі әңгіме болған тақырыптардың басында келеді. Әр салада бұл екі ұғымның қалай жүзеге асатыны пікірталас туғызуда. Қазіргі жаһандық бәсекелестікте отандық марканың ұлттық өндірістен маңызды екені шындық. Президент Режеп Тайып Ердоған айтқандай Түркияның өсуі үшін жаһандық деңгейде кем дегенде 10 отандық маркаға ие болуы керек. Қазір Түркияның жылдам жетілген маркалары да жоқ емес. Осы маркалардың бірі жаһандық деңгейде жылдам өсіп бара жатқан отандық дөңгелек маркасы ‘Lassa’ болып табылады.  Әсіресе әлемнің танымал спорт клубы Барселонаға демеуші болуының артынан жаһандық деңгейде аты жиі атала бастаған ‘Lassa’ фирмасының экспорты көрсеткіштері жылдам өсе бастады.



Ұқсас жаңалықтар