Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

675991
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Бір-біріне қару сатады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Германияда ұйымдастырылған Халықаралық Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 53-шісі аясында бір семинарда сөз алған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу террор ұйымдарымен күресте басқа террор ұйымдарына қолдау берудің өте үлкен қателік болатынына назар аударды. Чавушоғлу «Бұл АҚШ-тың алдынғы әкімшілігі жіберген бір қателік. ОларYPG-ге қару берді. ПКК сол қарулардың кейбіреулерін өзіне алды. ДАИШ сол қарулардың кейбіреулерін қолға түсірді. Бұлар екі жақты қару алмасуда. ДАИШ, YPG және басқада террор ұйымдары бір-біріне қару сатуда. ПКК бұл қаруларды Түркиядағы лаңкестік шабуылдарында қолданады. Түркия АҚШ-тың одақтастырының бірі дегенмен бұл күресте басқа бір террор ұйымына неге сенеді?» деді.

Стар газеті «Террорға қарсы келісім» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым мен Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Месуд Барзани Германияның Мюнхен қаласында басқосты. Кездесуде аймақтағы жаңалықтар мен террормен күрес тақырыптары қолға алынды. Террормен күрес тақырыбындағы тұрақтылыққа назар аударылған кездесуде террор ұйымдарының аймаққа келтірген зияны мен мазасыздық тілге тиек етілді. Премьер-министр кездесу барысында координацияның маңызына назар аударды.

Йени шафак газеті «Теміржолына отандық мотор» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия локомотив және мотор өнеркәсібі АҚ (TÜLOMSAŞ) типі мен күші тұрғысынан Түркия үшін алғашқы болу ерекшелігіне ие 'TLM6V185' атты дизел моторын өз инженер және жұмысшыларымен жетілдірді. Эскишехирдегі фабриканы аралап, отандық мотордың таныту рәсіміне қатысқан Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан «Жүрдек пойызды (YHT) әрі отандық, әрі ұлттық резервтермен тікелей өзіміз өндірмекпіз. Еліміз үшін қолданумен шектелмейміз. Елімізден туындаған жағрапиямызға тіпті әлемнің түкпір-түкпіріне экспорттаймыз» деді.

Хабертүрік газеті «Шығанақта Батыл бастамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коч Холдингтің «Otokar»-мен Біріккен Араб Әмірліктерінің алдынғы қатарлы инвестиция фирмаларынан «Tawazun»-ның бастамасымен құрылған «Al Jasoor» (Батыл) атты жаңа фирмасы Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерімен 661 миллион долларлық 8x8 тактика дөңгелекті сауытты көлік келісіміне қол қойылды. Түркия қорғаныс өнеркәсібінің бір жолда ең үлкен экспорт жобасына қол қойғаның атап көрсеткен Коч Холдинг (Koç Holding) төраға орынбасары Али Коч «Шығанақ елдеріне экспорттаумен шектелмей, жергілікті ортағымызбен құрған жаңа фирмамыз ‘Al Jasoor’ арқылы шетелде өндірісті бастаймыз» деді.

Сабах газеті «Туристерге арналған сүңгуір қайық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияда 1 сәуір күнінен бастап іске қосылатын, 46 жолаушысы бар туристерге арналған сүңгуір ‘Nemo Primero’ алғашқы сапарын бастады. Сүңгуір қайықтың иесі фирманың бас директоры Юнус Эмре Явузйигит туристтерге арналған сүңгуір қайықтың 110 метр тереңдікке дейін жүзе алғанын атап, «Бүкіл әлемде 7 елде болған бір жоба. Сүңгуір қайықтың модернизациясы 1 жылға жалғасты. Екінші сүңгуір қайығымыз 2018 жылы іске қосылады және Эгей теңізінде жүзетін болады. Жылына 70 мың жергілікті және шетелдік туриске судың астын серуендетуді нысанаға алып отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар