Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

664644
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет «Біз сөз кірбеңдік жаратты» деген хабарға орын берген. Газет Түркияға ресми сапар аясында келген Германия канцлердің Президенттік сарайда Президент Режеп Тайып Ердоғанмен оңаша кездескенін жеткізген. Хабарда Президент Режеп Тайып Ердоған мен Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің ортақ баспасөз мәслихат ұйымдастырғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Меркельдің ортақ баспасөз мәслихатында қолданған «Исламдық террор» деген сөзіне Ердоған наразылық көрсетті. Ердоған «Бұл сөз мұсылмандарды ренжітуде. Мұндай сөзді қолдануға болмайды. Ислам мен террор бірдей ұғым емес. Ислам бейбіт деген мағынаны білдіреді» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Йылдырымнан маңызды мәлімдеме» атты тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның медиа өкілдерімен өткізген кездесуде күн тәртіпке байланысты маңызды мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабары бойынша Грекияға қашқан 8 төңкерісшіл әскердің Түркияға қайтарып бермеу шешіміне байланысты Грекия премьер-министрі Алексис Ципрасға бір хат жібергенін білдіріп, «Бұл шешімнің қайтадан қолға алынуын және төңкерісшілдердің қайтарып берілуі жөнінде бір нәтиже күткенімізді баяндадым» деді. Премьер-министр Йылдырым Германия премьер-министрі Ангела Меркельге де «Бөлшектеушілерді риза қылған кезде Германияда өмір сүрген үш жырым миллион түрік сайлаушыны ренжітіп алмаңыз» деді. Премьер-министр Йылдырым АҚШ жаңа президенті Дональд Трампқа да талаптарын айтты. Йылдырым «15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің басшысы тапсырып берілуі керек. Террор ұйымы PYD-мен ынтымақтастық жасаудан бас тартқан жөн. Түркияда АҚШ түсінігі оңалту үшін жаңа әкімшілік кейбір қадамдар басқаны абзал».

Сабах газеті «Шетелдік инвесторлар Түркияға қызығуда» деген тақырып қолданған. Газет үкіметтің 23 провинцияны қамтыған «Тартымды орталықтар» бағдарламасына іскер әлемінің қызығушылық көрсеткенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда осы аймақтарға 195-і шетелдік болып, 7 күнде 1200 инвестор өтініші берді. Шетелдік инвесторлар арасында Иран фирмалары көп. Одан кейін неміс және француз фирмалары орын алуда.

Ватан газеті «Көршілеріңді де алып келіңіз» атты хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның  Президенттік сарайда туризм саласының өкілдеріне үн қатқанын жазған. Хабарда Ердоғанның шетелдегі түріктерден тек қана өздері келмей, өмір сүрген елдердегі көршілерін, достарын да Түркияға шақыруларын талап еткеніне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоған шетелде 5 миллион түрік азаматын көршілерімен бірге Түркияда кем дегенде бір апта демалуға шақырды. Ердоған «Атамекендегі туысқандарына келген азаматтарымыздың ең болмағанда демалыстарының бір аптасын ‘Түркия үйіміз, отанымызды танийық’ деген түсінікпен туризмге бөлуін сұраймын. Азаматтарымыз әрине жалғыз өздері емес, келген кезде өмір сүрген елдегі көршілерін, достарын да елімізге қонақ ретінде шақырсын» деді. «Тойда отаныңда бол» деген Ердоған шетелде өмір сүрген түрік азаматының жылда 50 мыңға тарта тойларын да ата мекенінде жасауын талап етті.

Йени Шафак газеті «Түркияның мұнайы туризм» деген тақырып қолданған. Газет Әлем туризм форумы төрағасы Булут Бағжының Түркияның туризмде 2018 жылынан бастап жоғарғы деңгейге жететінін айтқанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша Булут Бағжы «Араб Шығанағында мұнай, Ресейде табиғи газ маңызды болса, Түркияның мұнайы да туризм болып табылады» деді.

        

 

 

 


Этикеттер: #Германия , #АҚШ , #туризм

Ұқсас жаңалықтар