Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

658034
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған террордың жұмсағы жоқ деді» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Танзаниядағы сапарында жасаған мәлімдемесінде «Осы таңда әлемнің ең үлкен пәлекеті террор. Сондықтан террорға қарсы бірге күрес жүргізуіміз керек. Террордың жұмсағы жоқ. Жұмсақ террор деген сөзге сенбеңдер. Өйткені Түркия Фетуллахшы террор ұйымынан зардап шекті. 15 шілде күні төңкеріс әрекетіне душар болды. Бұл террор тек Түркия үшін ғана емес, жұмыс істеген барлық елдер үшін де қауіп. Біз барлық достарымыздың біздің шеккендерді шекпеуін тілейміз. Оларға бұл туралы мағлұмат берудеміз» дегеніне орын берген.

Сабах газеті хабарын «Астанада тарихи жиналыс» атты тақырыбымен берген. Газет Түркия мен Ресейдің талпыныстарымен 6 жылдан бері жалғасқан Сириядағы ішкі соғыстың тараптары болған Асад режимі мен қарулы оппозициялардың алғыш рет Қазақстан елордасы Астанада бас қосқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Сирия дағдарысын шешуге бағытталған Астана процесінің бүгін екінші күнгі келіссөздері жалғасады. Төрткүл дүние көз тіккен маңызды шараны әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары да жіті назарда ұстап отыр.  Жиналысқа Сирия әскери оппозиция делегациясы, Асад режимі, Ресей, Иран, Америка Құрама Штаттары және Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясы қатысуда. Алдымен оппозиция делегациясы, Түркия, Ресей және Біріккен Ұлттар Ұйымынан құралған ортақ делегация бас қосты. Ресей мен Біріккен Ұлттар Ұйымы оппозициялардың талаптарын режим делегациясына жеткізді.

Режим делегациясының ұсыныстары да тағы Ресей мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы оппозицияларға жеткізілді.

Ватан газетінің «Сирия дағдарысына шешім ізденісі» деген хабарында Сирияда соғысқан оппозиция топтардың қолбасшылары мен үкімет өкілдерінің алғаш рет Астанадағы дөңгелек үстелде бас қосқанын жариялаған. Газет әлемнің ең қиын мәселесін шешу үшін Ресей мен Түркияның басшылығындағы кездесулердің жалғасып жатқанын баяндаған.

Йени Шафак газеті «Италияндықтар нысанасын үлкейтті» атты тықырып қолданған. Газет Италияның экспорт несие ұйымы SACE-нің Халықаралық жұмыстары төрағасы Михаль Рональдтың «Түркиядағы қазіргі портфолиомыздың құны 2,8 миллиард евро. Әсіресе кішкене және орта деңгейдегі фирмалар жөніндегі инвестициямыз тездетіледі» дегеніне орын берген. Рональд шетелде жұмыс істеген түрік мердігерлеріне де несие қолдауын беруге дайын екенін айтты.

Хабар Түрік газеті «Түркия саяхатшылар үшін төрт маусым сериал түсіріледі» деген тақырып қолданған. Газет Түркияның табиғи сұлулықтарын әлемге таныстыру үшін таныстыру жұмысын бастаған Мәдениет және туризм министрлігінің саяхат және аймақтық каналы Travel Channel-мен ынтымақтастық жасағанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда осы бойынша сериал фильмдері түсіріледі, әр маусымға тән арнайы бағдарлама жасалады. 


Этикеттер: #Астана , #Ресей , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар