Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

615532
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Террор барша әлем үшін үлкен қауіп» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда НАТО парламенттік ассамблеясының күзгі жалпы кеңес жиналысына қатысты. Жиналыста айтқан сөзінде «Түркия террор ұйымдарымен Еуропадан бастап, бүкіл әлем мемлекеттері арасында бір бөгет сияқты міндет атқарады. Егер біз бұл күресте табыссыз болсақ, яғни бұл бөгет жойылатын болса террористтер су тасқыны сияқты бүкіл әлемді жалмап, қан төгеді. Біз бұл бөгетті әлсіретудің орнына күшейтейік дейміз» деді. Газет  «Қазір әлемде ешкімнің өрт шыққан кезде ‘алауы бізді өртемейді’ деуге люксі жоқ» деген Ердоғанның қауіптер жаһанданған және күш теңгерімі өзгеріп жатқан бұл кезеңде қазіргі мекемелердің өздерін реттеу керектігіне назар аударды. Хабарда Президент Ердоғанның  бұл аяда НАТО-ның болса бір қорғаныс ұйымы еместігін, демократиялық құндылықтарды жетілдіру арманына бағынышты мемлекеттердің де басын қосқан бір қауіпсіздік платформасы екенін атап көрсеткенін жеткізген.

 Хабар Түрік газеті хабарын «Ресей мен Қытайдан алғашқы  мәлімдеме» атты тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның 17 қараша күні Өзбекстанға жасаған зияратынан кейін ұшақта журналисттердің сұрақтарына жауап бергенін жеткізген. Хабарда Ердоғанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысуы жөніндегі мәлімдемесіне орай Ресей мен Қытайдан алғашқы жауаптың келгенін жариялаған. Газеттің хабары бойынша Шанхай бестік тізіміне Түркияның мүшелігі үшін Ресей мен Қытай  «Пайдалы болады» деген мәлімдеме жасады. Ресейде парламент жоғарғы қанаты Федерация Кеңесінің қорғаныс комитеті мүшесі Алексей Пушков Твитт арқылы жасаған мәлімдемесінде «Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелігі Ердоған үшін жақсы болымды бір қадам болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуропа Одағынан өзгеше. Оның орнын ала алмайды. Алайда Еуропа Одағынан өзгеше түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелері түбегейлі егемен» деген сөздер қолданды. Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Гень Чиаң да «Түркия біздің диалог ортағымыз, ынтымақтастықты дамытқымыз келеді» деді.

Ватан газетінің «Файнэншел Таймс Түркияға орын берді» деген хабарында ағылшын Файнэншел Таймс газетінің Түркия мен Еуропа Одағы  қарым-қатынастарын қолға алғанын жазған. Файнэншел Таймс газетінің хабарына қарағанда Еуропа Одағының Анкараның террормен күресу заңында өзгеріс жасау себебінің түрік азаматтарына виза жеңілдігінің берілмеуі болып табылады.

Хүрриет газеті «Израиль Президенті Үндістаннан Ердоғанға құрметті досым деді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Үндістандағы Agrotech жәрмеңкесіне қатысқан Израиль Президенті Реувен Ривлин «Түркиямен болған достық байланыстарымызды күшейткіміз келеді. Досым Президент Режеп Тайып Ердоған және түрік халқына сәлем жолдаймын» деді.

Йени Шафак газеті «Хүркуш қарулануда» деген тақырып қолданған. Газет отандық білім беру ұшағы Хүркуш үлгілерінің жасалып жатқанын хабарлаған.

 



Ұқсас жаңалықтар