Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және кейбір әлем жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Аныткабир адамға толды, Болмабахчеге адам сыймады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Республикасының құрушы көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 78 толғанында еске алынды. Кеше Түркия сағаты 09:05-те жалпы ел бойынша барлық халық ұлы көсемді еске алды. Аныткабир мемлекет лауазымдары қатысқан ресми салтанаттан кейін халыққа ашылды.   Кеше ашылғанда 7 жастағы баладан 70 жасқа дейінге қарттар Ататүрікке деген сүйіспеншілігімен Аныткабирге ағылды. Аныткабир биылғы 10 қарашада да азаматтардың Ататүрікке сүйіспеншілік көрсетудің орны болды. Ататүрік көз жұмған Стамбул Долмабахче Сарайына болса қолдарына бәйшешек гүлін ұстаған мыңдаған адам жиналды. Кейбір азаматтар әсерленгеннен көз жасын тия алмады.

Хүрриет газетінің «Ататүрікті нақтылы әрекетпен еске алайық» атты хабарында Президенттік Сарайының 10 қарашада Ататүрікті еске алу рәсіміне үй иелігін жасағанын жазған. Газет рәсімде сөз сөйлеген Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Бізге аманат еткен Республиканы қорғап, барлық салада мықты, беделді және дамыған ел болу жолында табанды қадамдармен жылжып келеміз. Террор ұйымдарының, опасыз топтардың және осыларды қолшоқпары ретінде қолданған жасырын ұйымдардың тыныштығымызды,  тұрақтылығымызды,  мың жылдық бауырластығымызды бұзуына,  елімізді мақсаттан бұрмалауына ешқашан рұқсат бермейміз. Рухың шат болсын» дегеніне орын берген.

Сабах газеті хабарын «АҚШ-тағы жаңа кезеңде түрік экспортшылар аттанысқа кірді» деген хабарында Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайланған Дональд Трамптың үлкеюді екі есеге көтеру нысанасы және триллион долларлық сауда келісімдерін күшінен қалтыру мүмкіндігінің жариялануы түрік экспортшыларын әсерлендіргенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда экспорт стратегияларын жаңадан ретке салатын жаңа бір кезең үшін Түркия Экспортшылар Мәжілісі қазірден бастап аттанысқа кірді. Түркия экспортшылары Қытай және Мексикаға кеден салығы, еркін келісімнің жойылуы және АҚШ-тың триллион долларлық инвестиция нысанасының Түркияның экспортында жаңа белес болатынын білдірді. Түркия Экспортшылар Мәжілісі жаңа кезең орайлардан пайдалану үшін Нью-Йорк пен Чикагода екі ай ішінде Түрік Сауда Орталықтарын ашады.

Стар газетінің «Кинофильм көрсетілді» атты хабарында кинорежиссері Левент  Өздемирдің кинофильмінің Стамбулда көрсетілгенін жазған. Газет кешкі іс-шараға Мәдениет және туризм министр орынбасары Хүсейін Яйман мен көркемөнер әлемінің көптеген әйгілі тұлғаларының қатысқанына орын берген.

Ватан газеті хабарын «Анадолының Үлкен Каньоны» деген хабарға орын берген. Газеттің хабары бойынша Америка Құрама Штаттарындағы Үлкен Каньонға ұқсатылған және 65 миллион жыл бұрынға барып тірелген өзендердің жуып-шаюынан пайда болған терең, тар әрі беткейлері тік өзен аңғарлары орын алған Малатияның Акчадағ ауданындағы Левент ойпаты жергілікті және шетелдік туристтердің назарын аударуда.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар