Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

600219
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті “Энергияда жаңа бағыт Африка» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық бәсекелестік қызуын арттырып, халықаралық энергия фирмаларының жаңа нарық ізденістерін жылдамдатуы, энергия саласындағы инвесторлардың бағытын Африка құрлығына айналдырды. Құрлыққа қызығушылығы бар түрік инвесторлар мен Африкалық басшылар, Сыртқы экономикалық қатынастар кеңесі (DEİK) тарапынан 2016 жылдың 2-3 қараша күндері Стамбұлда ұйымдастырылатын «Түркия-Африка экономика және іскер форумы» аясында бас қосады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның қонақжайлығында аймақтағы инвестициялық мүмкіншіліктер, құрлықтағы резервтер мен жұмыс күші тақырыптары қолға алынатын «Түркия-Африка экономика және іскер форумына» Африка елдері министрлері, арнайы мекемелердің басшылары, фирма лауазымдылары, Африка Одағы мен Африка Өркендеу Банкінің жоғары деңгейдегі басшылары және Африка аймақтық экономикалық топтастықтардың бас хатшылары қатысады.

Стар газеті «Түркияның тақтатас мұнайы Эстонияның радарында»тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эстония фирмасы «Eesti энергетика» директоры Хандо Суттер фирмасының әлемде тақтатас мұнайын қолдану арқылы энергия өндіретін ең үлкен фирма екенін атап, «Түркиядағы 1.64 миллиард тонналық резервтің қолданылуы және инвесторлар табу тақырыптарында түрік инвесторлармен бірге жұмыстануға дайынбыз» деді. Түркияның тақтатас мұнайы резервтері Болуның Гөйнүк, Чорумның Додурга, Амасияның Мерзифон, Йозғаттың Соргун және Күтахияның Тунчбилек және Сейитөмер аудандарында орын алады.

Хабертүрік газеті «104 жылдың артынан азан шақырылатын болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Македонияның оңтүстік батысындағы және Османлы дәуірінде орталық болып қабылданған Монастыр қаласындағы Хайдар Кады мешіті бұрынғыдай көркемдігіне жақында қауышады. Вакыфлар бас дирекциясы 1561-1562 жылдарында Сұлтан Сүлейман кезеңінде Македонияның Монастыр қаласында Кады Хайдар Эфенди салдырған мешіттің қайтадан іске қосылуы үшін 2015 жылдан бері жалғасқан жөндеу жұмыстары аяқталды. 104 жылдан бері есігі жабық тұрған және жергілікті халық тарапынан «Балқанның ханзадасы» деп аталған мешіт 4 қараша күнгі жұма намазынан бастап азан даусына қауышатын болады.

Сабах газеті «ТИКА-ның денсаулық сақтау періштелері бейшара халыққа қол ұшын созды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТИКА әлемнің түкпір-түкпірінде шипа таратады. Жүздеген елге жетілген технологиямен ауруханалар салған ТИКА қызмет атқарған жерлерде мұқтаж науқастарға сүйек майы операциясынан эстетикалық операцияға дейін мыңдаған ем әдісі үшін дәрігерлер оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді. ТИКА тек қана 2016 жылы 50-ден астам елде 196 денсаулық сақтау жобасын іске қосты. ТИКА-ның әлемнің түкпір-түкпірінде жалғасқан денсаулық сақтау жобалары арасында: Бішкекте Қырғыз-түрік достық ауруханасы, Өзбекстанда Ташкент сүйек майы орталығы, Нигерде Ана мен бала денсаулығын сақтау және реабилитациялық орталық, Газа секторында Түрік достық ауруханасы, Сомалиде Түркия оқу және зерттеу ауруханасы, Могадишода Режеп Тайып Ердоған оқу мен зерттеу ауруханасы және Суданда Ньяла Түркия оқу және зерттеу ауруханасы.



Ұқсас жаңалықтар