Түрік баспасөзіне шолу

Газеттерде жарияланған маңызды жаңалықтар

598865
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Рұқсат бермейміз» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда президент Ердоған террор ұйымы PKK-ға және оның сыбайластарына қарсы әрі ел ішінде,  әрі шетелде табанды түрде күресіп жатқандарын айтты.  Ердоған террор ұйымының Ирактың солтүстігіндегі Синжарда жаңа бір Кандил құрғысы келетінін білдіріп, бұған рұқсат берілмейтінін атап көрсетті.  Президент Режеп Тайып Ердоған «ДАИШ Джераблус, Раи және Дабык секілді Әл-Бабтан да кетеді. Одан кейін Мүмбич және Раккаға қарай бағыт аламыз.  Мұны АҚШ президенті Обамаға да айттым» деді.

Сабах газеті «Түрік ұлты 15 шілде күні экономиканы да құтқарды» деген хабар жариялаған. Премьер-министр Бинали Йылдырым Стамбулда өткен Инвестиция ақылдасу кеңесінің 9-ші кезекті отырысында алпауыт компанияларға 15 шілде күнгі оқиғаларды түсіндірді.  Йылдырым: «Сол күні тек төңкеріс бастырылып қана қойған жоқ. Сол күні сонымен бірге түрік ұлты экономиканы да кепілге алды. Түрік экономикасында төңкерістен кейін өзгерістер өте шектеулі болды. Орталық банктің операциясы да керек болмады» деді.  Премьер-министр компьютерлік коммуникация,  химия,  логистика және осыған ұқсас 7 салаға сүйінші берді.  Осы секторларға басымдылық көрсетілетінін, ынталандыру шаралары қолданылатынын білдірді.

Хабертүрік газеті «Кейбір елдерден жер іздеп жатыр» деген хабарға орын берген. Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленнің қайтарылуы тақырыбында АҚШ-та байланыс жүргізген Әділет министрі Бекир Боздағ Вашингтондағы кездесулері жөнінде бір теле арнаға мәлімдеме берді. Министр Боздағ «Канада, Бельгия, Норвегия, Бразилия сынды кейбір елдерге қашу жоспары бар. Осы елдердің кейбірімен Түркияның қылмыскер қайтару келісім жоқ. Гүленнің еркін жүруін қабылдамаймыз» деді.

Стар газеті экономика хабарына орын берген. Стамбул Сабахаддин Заим Университеті Халықаралық Ислам Экономикасы және қаржысы практика және зерттеу орталығын ашты.  İSEFAM-ды Кувейт Түрік және Албарака Түрік банктері бірігіп құрды.  Орталықта Ислами қарды саласында маңызды істер атқарылады. İSEFAM Түркияда Ислами экономика және қарды саласында университет деңгейінде құрылған тұңғыш зерттеу орталығы болып табылады.

Хүрриет газеті «Түрік фильмдері Франкфуртқа аттанады» деген хабар жариялаған.  Германияда өтетін Франкфурт Түрік кинофильмдері фестивалі 30 қазан күні басталады.  Биыл осы фестивальдің 16-шысы өткізіледі.  5 қараша күнінен дейін жалғасатын фестивальдің ашылу салтанатында «Анамның жарасы» атты фильм көрсетіледі.

Өткен жылы қайтыс болған атақты түрік актер Зеки Аласия үшін еске алу кеші ұйымдастырылады.  Аталмыш фильм фестивалінде 50-ге тарта түрік фильмі көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар