Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

584743
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газетінің «Түрік әскерлері Иракта қалады» деген хабарында премьер-министр Бинали Йылдырымның Мосул және Башика тақырыбында айқын мәлімдеме жасағанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия палаталар және биржалар одағының сауда және өнеркәсіп конференциясында сөз сөйлеген премьер-министр Иракта 63 елдің әскерінің болғанын еске салып «Ирак үкіметі, Бағдат не айтса айтсын аймақтағы ДАИШ-пен күресу үшін түрік әскерлері сол жерде қалады» деді.

Сабах газеті «Түркия энергияда дұрыс жолда ілгерілеуде және үлкеюде» атты тақырып қолданған. Газет Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрактың Энергия SA тарапынан Аданада жұмысқа қосылған 14 және 20 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз ететін орталықтың беташарын жасағанын хабарлаған. Газеттің хабары бойынша беташарда сөз сөйлеген министр Албайрак «Қытайдан кейін 4,5 пайызбен энергияда ең тез үлкейген екінші елміз. Түркия энергияда дұрыс жолда ілгерілеуде және үлкеюде. Осы салада өте маңызды қадамдар басамыз» деді.

Хүрриет газеті хабарын «Роллс-Ройс фирмасынан ортақ мотор ұсынысы» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда  әлем алпауыт фирмасы Роллс-Ройстың бас атқарушы директоры Уоррен Исттің Президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Бинали Йылдырыммен кездесулерінің мән-жайы жарыққа шықты. Уоррен Ист кездесулерде «ортақ өндіріс» жөнінде ұсыныс жасады. Алынған мағлұмат бойынша Ист әлемдегі 8-ші дамыған өндіріс және технология орталығын Түркияда құру туралы пікір алмастырды. 2023 жылы аспанда болатын ұлттық реактивті ұшақ жобасында орын алғысы келген Роллс-Ройс фирмасы ұшақ моторының барлығын Түркияда өндіру жөніндегі талабын білдірді.

Хабар Түрік газеті «ТҮРКӨК-тен тұңғыш бір  шетелдік үшін  жасуша трансплантациялау жасады және үндістандық сәбиді құтқарды»  атты тақырып қолданған. Газет Түркияда мөлшермен 160 адамды жасуша трансплантациялау арқылы құтқарған ТҮРКӨК-тің шетелдік науқастарға да өмір сүру үмітін бергенін жазған. Газеттің хабары бойынша Сакариядан  тұңғыш шетелдік  үшін  жасуша трансплантациялау жасады және үндістандық сәбиді құтқарды.

Стар газеті хабарын «Түркия халық биінде әлем чемпионы» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Оңтүстік Кореяның Чеонан қаласында 28 қыркүйек-3 қазан күндері аралығында өткен Әлем би фестивалінде Бүйүкчекмеже қалалық әкімшілігінің халық би ансамблі біріншілік бәйгені жеңіп алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар