Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

565485
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Террор коридорына рұқсат берілмейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Қытайда Германия канцлері Ангела Меркельді қабылдады. Үлкен 20 елдері саммиті алдында жүзеге асқан кездесуде президент Ердоған Евфрат қалқаны операциясымен байланысты Меркельмен ақпарат бөлісті. Сириядағы дағдарыстың саяси шешіммен нәтижелеуінің әрі тұрақтылықты қайтадан қамтамасыз ету, әрі террор ұйымы ДАИШ пен басқа да террор ұйымдарымен ықпалды күрес үшін маңызды екеніне назар аударған президент Ердоған Түркияның оңтүстік шекарасында «террор коридоры» ашылуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Түркия ‘қауіпсіз аймақты’ құрды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 24 тамыз күні басталған Евфрат қалқаны операциясының 12-ші күнінде Тәуелсіз Сирия армиясы Түрік қарулы күштерінің қолдауымен ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы соңғы шекара желісіндегі ауылды кері қайтарды. Әл-Кади ауылының кері қайтарылуымен Сирияның ішкі аймақтарына қарай 3-5 шақырым қауіпсіз аймақпен ДАИШ террор ұйымының Түркия шекарасына қарай байланысы үзілді. Енді Түркияның Килис қаласына снаряд құламайтын болады.

Сабах газеті «Стамбұлда 'trienal' уақыт» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Босқын тақырыбына назар аудару мақсатты көптеген босқын 40 өнерпаздың қатысуымен «3-ші Халықаралық Стамбұл Trienali» Таксим Республика көркемөнер галереясында есіктерін ашты. «Елсіз қалу» тақырыпты босқын мәселесіне назар аударды. 3 жылда бір рет ұйымдастырылған және биыл жоба жауапкершілігін Айше Ташкент мойындаған trienale Бахрам Хажоу, Фади Язеги, Фиген Баты, Фарук Мұхаммад, Уғур Өзен, Александра Фаразин, Азад Карим, Шүкрү Каракуш, Джем Каракуш, Джем Мехмет Эрен, Фырат Эрез және Корай Севинди секілді 40 өнерпаз қатысуда.

Ватан газеті «Brexit үшін жол картасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ерте сайлау шақыруы тастамайтынын атап, Еуроодақтан шығу (Brexit) кезеңінде ‘қиын кезеңдерден өтуге дайын болуға’ керектігін атап айтты. Ағылшын трансляция мекемесі BBC-ге сұхбат берген Мэй алдағы апта кабинет қабылдаған жаңа жол картасы шешімін жариялайтындарын атап айтты. Үкімет ретінде ағылшын халқының Еуроодақ референдумімен қабылданған сұранысты құрметтегендерін атап айтқан Мэй ағылшын халқының еркін айналымының бұрын болғандай жалғасуын талап етпегенін және Еуроодақтан келген адамдарды бақылауға керектігін атап көрсетті.

Стар газеті «Еліммен мақтан тұтамын» патты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда Харбийе Ашық аспан концертімен бір қатар концерттік бағдарламасын алдыңғы күні бастаған әнші Таркан билері және әуенімен баршаны тәнті етті. 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасы жайлы ойларын тұңғыш рет сахнада айтқан әнші қоғам ретінде үлкен бір апаттан аман қалғанын осы себепті еліне ізгі тілектерін жеткізгенін білдірді. Таркан «Ұлттың еліне ие шығуы мені соншама толқытты, елімді мақтан тұтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар