Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық жаңалықтарға кең орын берген

559739
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түрік қарулы күштерінің көлеңкесі  қорқытты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияның Халеб қаласына қарасты Желабрусты террор ұйымы ДАИШ-тен тазалау және ПКК-ның Сирия тармағы PYD/YPG-нің Евфраттың шығысына шегінуін мақсат еткен Түркия 36 сағаттың ішінде әскер шығынына ұшырамай мақсатына жетті. Желабрусты ДАИШ-тен тазалаған Түркия PYD/YPG күштерінің де Евфраттың шығысына шегінуі үшін маңызды қадамдар басты. Операцияның Азез аймағына қарай ауқымының кеңейтілетіні білдірілді.

Йени шафак газеті «Қош келдіңіз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның шекараның арғы жағына танктері, ұшақтары және әскерлерімен операция жасауы сириялық жауынгерлерді қуантты. Тәуелсіз Сирия армиясы жауынгерлері мен Желабрус халқы түрік әскерін «Қош келдіңіз!» сөздері және қуанышпен қарсы алды.

Түрік әскері мен оппозиционерлер жеңісті бір-бірін құшақтап тойлады. Евфрат қалқанын басқарған Арнайы жасақтар қолбасшысы генерал Зекаи Аксакаллы соңғы жағдайды бақылау үшін Желабрусқа барған кезде Тәуелсіз Сирия армиясы жауынгерлері үлкен ризашылық білдірді. Аудан орталығындағы Аксакаллы жергілікті күштердің ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатты қабылдаған шараларды тексерді.

Хабертүрік газеті «Хаккаридің екі кеден қақпасы қайтадан ашылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда үкімет Хаккаридің Ирак пен Иранға ашылатын қазір жабық болған шекара қақпаларын қайтадан ашуға шешім қабылдады. Өткен жылы артып отырған террор оқиғалары себепті уақытша жабылған Үзүмлү кеден қақпасы ашылғанда, Эсендере де қысқа уақытта іске қосылады. Қақпалардың ашылуымен шекара саудасы арқылы заңсыз шекарадан өтулерде азаятын болады.

Хүррийет газеті «40 мердігер ‘әлем алпауыттары’ арасында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда құрылыс саласының алпауыттары анықталды. «Engineering News Record» (ENR) журналы мердігерлердің алдынғы жылы елдерінен тыс жұмыстарынан түскен табысты негізге алып жариялаған «Әлемнің ең ірі 250 мердігерлері» тізіміне Түркиядан 40 фирма кірді. Осы көрсеткішпен Түркия 65 фирмасымен тізімде бірінші орынды иелеген Қытайдың артынан екінші орын алды. Үшінші кезекте болса 39 фирмасымен АҚШ келеді.

Стар газеті «Швеция ‘Шатақ іс’сериалын тамашалайды» атты хабар жариялаған. Түрік тілінде «Парампарча» деген атпен түсірілген сериал ұлттық SVT2 телеарнасы да аптаның 5 күні кешкі 19:30-да көрермендерге ұсынылады. Швецияда 100 бөлімі жарияланатын телесериал ретінде тарихта қол таңба қалдырды. Бүкіл әлемде 50-ден астам елге сатылған теле сериалды Швеция көрермендері «Förvaxlingen» (Шатақ іс) деген атпен тамашалайтын болады.



Ұқсас жаңалықтар