Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

557544
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түркия атқылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия, АҚШ пен PKK/PYD-нің Сирияның солтүстігінде құруды нысанаға алған террор коридорына операция жасады. Түрік қарулы күштері шекарадағы гаубицалармен Желабрустағы ДАИШ нысаналары мен Мүнбичтің солтүстігіндегі PKK/PYD бекіністерін атқылады. Желабрусты ДАИШ-тен қабылдауға тырысқан PYD содырлары кері шегінді. Түркия Сирияның солтүстігінде «defacto» құрылымға рұқсат бермейтінін тағы бір рет көрсетті.

Хабертүрік газеті «Зейбекчи Голландия мен Италияға барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Экономика министрі Нихат Зейбекчи 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан екі жақты сауда-саттық экономикалық ынтымақтастықты талқылау, жаңа ынтымақтастық мүмкіншіліктерін анықтау және көзқарас алмасу үшін Голландия мен Италияға сапар ұйымдастырады. Бүгін Голландияның Гаага қаласында байланыстар жасайтын Зейбекчи ертең болса Италияның бас қаласы Римге барады.

Хүррийет газеті «Көш басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан қабылданған шешімге сәйкес әскери базаларды қала орталықтарынан шығару кезеңі басталды. 15 шілде түні танктер шыққан Эсенлердегі Баштабия әскери базасы Текирдағдың Чорлу ауданына, Анкара Этимесгут пен Мамак әскери базалары болса Чанкыры қаласына көшіріледі. Танктер базаларынан шықты. Анкара мен Стамбұлдағы сауытты жасақтардың 11 қыркүйекке дейін қаладан шығарылуы жоспарланады.

Стар газеті «Екінші жәрдем кемесі айтта Газаға барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қызылайы ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, жаялықша, тазалық материалдары, мектеп сөмкелері мен кеңсе керек-жарақтары бар жәрдем кемесі Құрбан айтта Газаға аттанады. Кеменің Мерсин портынан шығатыны білдірілді. Қызылай мекемесі директоры Керем Кынык 10 мың тонналық жәрдем кемесінің жолға шығуы үшін дайындықтарды аяқтағандарын Газаға 2-3 айда бір рет жәрдем материалы жіберетіндерін білдірді.

Сабах газеті «PayPal Түркияға оралуға дайындалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда маусым айында Түркия заңдарына бағынуды, салық төлеуді және несие карточкасы мен куәлік мағлұматтары жинаған тұлғалардың мәліметтерін түрік серверлері арқылы жасаудан бас тартқаны үшін Банктерді реттеу және бақылау кеңесі тарапынан  лицензиясы жойылған «PayPal», 2017 жылы наурыз айында 'Cross Border' (шекарадан тыс) жүйесімен қайта оралады. Банктерді реттеу және бақылау кеңесімен өткен апта жиналыс өткізген фирма 2017 жылдың соңына дейін серверлерін Түркияға тасымалдауға дайындалады. Cross Border шетелдегі бір тұлғаға Түркиядан сауда жасауға рұқсат береді. Дегенмен бұл жүйемен Түркиядағы бір адам шетелден сатып алулар жасай алмайды.



Ұқсас жаңалықтар