Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

540159
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Сюрприз жоқ» деген хабар жариялаған.  Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетіне байланысты ерте ұйымдастырылған Түркияның тарихының ең маңызды Жоғары Әскери кеңес жиналысында Түрік Қарулы күштерінің қолбасшылық сатысы өзгермеді.  Бас штаб басқармасы басшысы генерал Хулуси Акар,  Құрлық Күштері қолбасшысы генерал Салих Зеки Чолак, Әуе күштері қолбасшысы генерал Абидин Үнал мен Теңіз күштері қолбасшысы адмирал Бүлент Бостаноғлу өз міндеттерінде қалды.

Зейнеткерлікке шыққан Жандармерия қолбасшысы генерал Галип Мендидің орнына Бас штабтың екінші басшысы генерал Яшар Гүлер тағайындалды.  1-ші армия қолбасшысы генерал Үмит Дүндар болса Бас штабтың екінші басшысы болды.

Сабах газеті «Ұлт шәйіттерін ұмытпайды» деген хабар жариялаған.  FETÖ төңкеріс әрекетінің бастырылуында шәйіт болған азаматтар үшін басталған «15 шілде ұйымшылдық акциясын» азаматтар үлкен ықылас аударды.  Түркия ұлт ретінде шәйіт туыстарының қайғысын жеңілдету және қиыншылықтарын көтеру үшін іске кірісті. Акцияға қолдау беру үшін азаматтар банк есепшоттарына ақша салады.  Елдегі баста телефон операторлары арқылы да бағыш беруге болады.

Стар газеті «Төңкеріс әрекеті шетелдіктерді имендірмеді» деген тақырып қолданған.  Фетулахшы террор ұйымының төңкеріс әрекеті шетелдік инвестордың Түркияға көзқарасын өзгертпеді.  Түркияда жұмыс істейтін Microsoft, IBM, Nestle, Toyota, 3M және Sumitomo Rubber сынды компаниялардан сенім және инвестиция үндеулері келді.  Компаниялар Түркия экономикасы және өсім әлеуетіне деген сенімдерін тілге тиек етіп, «Түркияда жұмыс істегенімізге ризамыз.  Түркияның дамуына үлес қосуды мақсат етеміз» деді.

Хабертүрік газеті «FETÖ мектептеріне түрік мектебі деуге кедергі боламыз» деген хабар жариялаған. Фетуллахшы террор ұйымына қарасты шетелдегі 1500-ге таяу мектептің «түрік мектебі» деп аталмауы үшін жұмыс басталды.  Премьер-министрлікке қарасты Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының басшылығында өткен жиналыста осы мектептердің Түркия Республикасы Мемлекетінің мектебі секілді бағаланғаны, осы түсінікпен күрес және түрік сөзінің қолданылмауы үшін қатысты мекеме мен ұйымдармен байланысқа өтуге шешім берілді. Жиналыста сонымен бірге әрі халықаралық қоғам, әрі шетелде өмір сүретін түріктердің төңкеріс әрекетінің мақсаттары мен қалай бастырылғаны жөнінде дұрыс мәлімет алуы үшін 11 тілде бір мәтін дайындалды.

Хүрриет газеті «Украинада түрік метросы» деген хабарға орын берген. Украинаның Днепр қаласының метро тендерін Лимак құрылыс компаниясы жеңіп алды. 224 миллион евролық тендер құны бар метро құрылысы 3 стансадан тұрады. Лимак компаниясы тек құрылысты емес,  дизайн және электромеханикалық жұмыстарын да атқарады.

30-дан астам халықаралық құрылыс фирмасы қатысқан тендерден жеңіп шыққан Лимак бұдан бұрын да Кувейт Халықаралық әуежайының жаңа терминалы тендерінде жеңіп шыққан еді.



Ұқсас жаңалықтар