Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия үшін маңызды жаңалықтарға орын берген.

539331
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Гүлен қашпай тұрғанда АҚШ тұтқындау керек» деген хабар жариялаған.  Түркия FETÖ басшысы Фетуллах Гүленнің қайтарылуына көнбей,  қосымша айғақ сұрап отырған АҚШ-қа асығыстық шартын көрсететін қосымша айғақтарды берді. Осылайша Гүленнің тұтқындалуы үшін соңғы кедергі де өтті.  Қағаздар Гүленнің жемқорлық, ресми құжатты заңсыз өзгерту,  жеке адам өмірінің жасырын болу құқығын бұзу және террор ұйымын құру,  басқару қылмыстарынан ізделіп жатқанын көрсетеді. Гүленнің төңкеріс әрекетіне байланысты бесінші портфель де дайындалуда.  Премьер-министр Бинали Йылдырым «Төңкеріске әрекет еткен әскерлер бұлбұлдай сайрап,  төңкерістің басшысының Фетуллах Гүлен екенін мойындады. АҚШ-тың осы террор ұйымы басшысының жанында болатынына сенбейміз» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ әкімшілігі мазасызданды» деген хабарға орын берген. 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінде АҚШ-FETÖ ынтымақтастығын көрсететін хабарлар АҚШ-ты мазалады.  Хабарды жалғанға шығаруға тырысқан АҚШ Бас штаб басшысы Джозеф Данфорд сұрақтарға дұрыс жауап бере алмады. Данфордтың «Бұл хабарлардың қайдан келгенін білмеймін» деген жауабы бір нәрсені жасырғанын мойындауы деп пайымдалды.

Стар газеті «FETÖ-нің қандас бауыры – PKK» деген хабар жариялаған. 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінен бұрын ор қазып,  баррикада жасаған PKK террористтері төңкеріс тойтарылғаннан кейін FETÖ үшін қалаға келді.  «Полицияға шабуылдаңдар» деген нұсқау алған террористтер Ванның Едремит ауданында ор қазып, баррикада жасауын тағы бастады.  Кандил тауынан террористтерге жіберілген нұсқауда террористтердің қалаға баруы,  мина төсеуі,  ор қазып, баррикада құруы талап етілді. Кандилдегі террор басшыларының ең назар аударатын нұсқауы болса төңкерісшілерді бастырған полицияны нысанаға алу болды.

Хүрриет газеті «Экономикаға қарсы төңкерісті де халық тойтарды» деген хабар жариялаған.  Вице-премьер Мехмет Шимшек Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс бастамасына тойтарыс берген халықтың нарықтардағы төңкеріске де кедергі болғанын айтты. Шимшек азаматтардың 9 миллиард доллардан астам валюта ауыстырғанын айтып,  түрік лирасын сатып алғанын білдірді. Шимшек «Жүйенің төңкеріске жол ашуына кедергі болатын реформалар жүргіземіз» деді.

Ватан газеті болса «Біз ұстаймыз,  олар жібереді» деген хабар жариялаған.  Террор ұйымы ДАИШ-тың Францияда шіркеуге шабуылында монахты өлтірген кісі Франция азаматы Адил Кермиче болып шықты.  бұл террористті Түркия Сирияға кетіп бара жатқан жерінен ұстап, Францияға жолдаған екен. Анкара әкімшілігі жолдаған Кермиче бірнеше ай түрмеде жатқаннан кейін еркін жіберілген. Түрік органдары бүгінгі дейін арасында Париж және Брюссель лаңкестіктерін ұйымдастырған террористтер де бар көптеген Еуропа текті ДАИШ мүшесін ұстап, елдеріне қайтарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар