Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарған орын берген.

536919
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті премьер-министр Бинали Йылдырым айтқан «Дағдарыстарда банктерде ақша қалмайды, ал біз де халық 24 миллиард ақша құйды» деген сөзін тақырып қылған. Хабарға қарағанда 15 шілде төңкеріс бастамасы табыссыз болған соң қаржылай дағдарыс туғызуға әрекет жасаған FETÖ-нің жоспары жүзеге аспады. Банктерде өткен бір апта ішінде ешкім ақшасын қайтарып алған жоқ. Керісінше азаматтар доллар мен алтындарын алмастырып банктерге құйды. Осылайша төңкеріс бастамасының нарықтарда дағдарыс бар сияқты көрсетуінің алды алынды. Премьер-министр Биналия Йылдырым төңкеріс бастамасының артынан азаматтардың 8 миллиард доллар алмастырғанын және банктерге құйғанын атап көрсетті. Йылдырым «Бұл қасиетті ұлтқа ешкім ойын ойнай алмайды. 8 миллиард доллар деген сөз 24 миллиард түрік лирасын банкке құйған деген сөз. Дағдарыс кезінде халық банктердегі ақшаларын алмақшы болады, біз де керісінше халық барып ақша құяды. Міне, біздің ерекшелігіміз осы» деді.

Ватан газеті «Іскер әлемінде ортақ дауыс!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда

Іскер әлемі төңкеріс бастамасы табыссыз аяқталған соң Түркияның бұрынғыдан да мықты болатынына сенеді. Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасының артынан түрік экономикасының болашағына үмітпен қараған іскер әлемі жасаған мәлімдемелер нарықтардағы сенімді арттыруда. Ел экономикасында сенімін жалғастырған іскер әлемінің өкілдері Түркияға бағытталған инвестиция жоспарларында өзгеріс жасамады. Төңкеріс бастамасының экономикаға болымсыз ықпалын күтпегендерін, тіпті Түркияның бұл кезеңнен одан да мықты шыға алатынын тілге тиек еткен іскерлер үкімет қабылдаған шараларға да ризашылық білдіруде.

Хабертүрік газеті «Төңкеріс комиссиясы құрылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан партиялардың барлығының қолдауымен бір зерттеу комиссиясы құруға дайындалады. Зерттеу комиссиясы тергеу жұмыстары жалғасып жатқан кезде іске қосылып, төңкерісте маңызды рол ойнаған жоғары мәртебелі тұлғалардан бастап, қатардағы әскерге дейін қажетті деген әр адаммен түрме де немесе сыртта маңызды кездесулер жасай алады. Мәжіліс қызметкерлері тарапынан хаттамаға түсірілетін бұл кездесулер кезінде төңкеріс бастамасына қоса, сондай-ақ FETÖ-нің мемлекеттің ішіне соншама қалай сіңгені жайлы сұрақтарға жауап іздейді.

Хүррийет газеті «Әділет министрі Бекир Боздағдың АҚШ жайлы қызық мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет министрі Бекир Боздағ кеше Канал 7 арнасында қатысқан «Башкент Кулиси» (Бас қаланың сыбыстары) атты бағдарламада «15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының Фетуллах Гүленнің тапсырмасымен жасалған бір төңкеріс екенін, Обаманың өз аты сияқты жақсы білгеніне сенемін. АҚШ барлау ұйымының да хабары бар екенін білемін. АҚШ Мемлекеттік хатшысының да білгеніне күмәнім жоқ» деді.

Сабах газеті «Түрік демократиясында шерулер жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ел көлемінде Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасына қарсы «демократия шеруі» жалғасуда. Алаңдарға толған азаматтар бір ауыздан ұрандар тастап, ән шырқайды. Сатқындардың төңкеріс бастамасының тойтарылуымен президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен алаңдарға ағылған халық алаңдардан кері шегінбейді.



Ұқсас жаңалықтар