Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

518966
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Израиль барлық шарттарды қабылдады, міне келіссөздің баптары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда келісімнің алдынғы бабына сәйкес Израиль Газа секторына гуманитарлық жәрдем материалы апарған және Халықаралық су айдынында қанды басқынмен 9 активистті шәйіт еткен Мави Мармара атты кемедегі зардап шеккендерге құн ақы төлейді. Түркия Газа секторына гуманитарлық жәрдем материалдарының кірісіне рұқсат береді. 200 орынды аурухана қызметке ашылады. Газаға берілген электр су мөлшері арттырылады. Батыс Шерияда Женин өнеркәсіп аймағы сияқты жобалар іске қосылады.

Йени шафак газеті «Батыс қолдау берген ПКК-ның есірткі табысы жылына 1,5 миллиард доллар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ПКК террор ұйымы кенепшөп өндірісі және саудасынан жылына шамамен 500 миллион лира, есірткі саудасынан болса 1,5 миллиард доллар табыс көретін. Ішкі істер министрлігі тарапынан дайындалған «Нарко-террор» рапортында есірткі саудасының ПКК-ның негізгі табыс көзін құрағанына назар аударылған. Көптеген халықаралық мекеме мен қоғам тарапынан дайындалған рапорттарда ПКК нарко-террор ұйымы ретінде аталады. Бұл рапорттарда ұйымның алдынғы қатарлы тұлғалары да есірткі саудагері ретінде жарияланады.

Ватан газеті «Түркияға сөз қақпай сайлау өткізе алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет министрі Бекир Боздағ еуропалық басшылардың Түркияға қарсы мәлімдемелеріне наразылық көрсетті. Газет «Ұлыбританияда да референдум болып өтті. Күн тәртібінде Түркия бар болатын. Германияда сайлау өтеді, күн тәртіпте тағы Түркия. Францияда сайлау болуда күн тәртіпте Түркия бар. Голландия мен Австрияда да күн тәртібі Түркия. Сіз Түркия парламентінің депутаттарын сайлап жатқан жоқсыз. Түркияда үкімет сайлап жатқан да жоқсыз. Неліктен сайлауларыңызды Түркиясыз өткізбейсіңдер? Түркияны әңгіме қылмай, жамандамай сайлау өткізе алмай отырсыздар ма?» деп батыс басшыларын сынға алған Боздағдың «Бұл негізінде Түркияның күшін көрсетеді» деген сөздеріне орын берген.

Стар газеті «Германияда түріктер партия құрайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Германияның армян қауесеттерін қабылдайтын жобаны бекітуі түріктердің сабырын тауысты. Іскер Ремзи Ару құрылатын партияға ‘Неміс демократтар одағы’ (Allianz Deutscher Demokraten) деген ат қойылатынын білдірді. Берлинде партияның бағдарламасын таратқан Ару партияның ұранын «Бөлшектеудің орнына түрлендіру» деп белгілегендерін атап көрсетті. Ару 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Жалпы халықтық сайлауға қосылуды мақсат еткендерін білдірді. Германияның түкпір-түкпірінде филиалдар ашатындарын және неміс қоғамы мен көшпенділерді бірдей құшақтайтындарын атап айтқан Ару 5 миллион мен 15 миллион арасында бір дауыс күшіне ие болғандарын мәлімдеді.

Сабах газеті «Қос өтірік Brexit-ке жол ашты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияда Еуроодақтан шыққысы келгендердің ең үлкен сылтауы ‘Еуроодақ аптасына 350 миллион стерлингімізді алады’ ұранының жалған екені ортаға шықты. Акцияның мәлімдемешісі Нигел Фараж ‘Бұл ұран дұрыс емес еді’ деп өтірікті мойындады. Ұлыбританияның Еуроодаққа аптасына берген қолдауы 163 миллион стерлинг. Басқа жағынан референдумді қайта өткізу үшін басталған акцияға қол таңбасын қалдырғандардың саны 3 миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар