Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

517250
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Ердоғанның Еуропа Одағына байланысты референдум өткізілуі мүмкін деген сөздерінен кейін Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Еуропа Одағының уәдесін орындамауына байланысты сенімсіздік пайда болғанын айтты.  Чавушоғлу бұдан кейінгі жол картасын ақылдасу үшін халықтан сұрауға борлатынын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Еуропа Одағының террор заңына қол қоймаймыз» деген хабарға орын берген. Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик террор тақырыбында Еуропа Одағымен нақты түрде сөйлескендерін айтты.  Челик: «Түркияның терроризммен күресінің әлсіретілуі деген нәрсе қабылданбайды.  Бұған қол қоймаймыз» деді. Адам құқықтары және сот саласында көптеген реформа жүргізілгенін білдірген министр: «Сонда да уайымдары болса, бұның негізін қалыптастыратын техникалық механизм 23-ші және 24-ші тақырыптар. Бұларды ашайық,  барлығын талқылайық.  Тақырып ашылмай,  талқыламай Еуропа Одағына тап ертең мүше болатындай критерийлердің қамдалуы деген нәрсе қабылданбайды» деді.

Стар газеті «Түркия сүңгуір тендерін ұтып алды» деген хабар жариялаған.  Соңғы жылдары көптеген жергілікті өнім және инженерлік жұмыстарға қолтаңба басқан қорғаныс өнеркәсібі экспорт саласында осының жемісін алуда.  Пәкістан Қорғаныс министрлігі ашқан сүңгуір модернизациясы тендерін ұтып алған Түркия бірінші рет сүңгуір сынды жоғары технология қажет ететін бір салада инженерлік экспорттайды. Жоба аясында модернизация істері Пәкістанда болады. бірінші сүңгуір 45 айдан кейін тапсырылады.

Хабертүрік газеті экономикаға байланысты бір хабарға орын берген. Түркия мәжілісіне берілген бір заң жобасында «салықсыз дәулет бейбітшілігі» көзделеді.  Шетелдегі ақша,  алтын,  боно,  акция сынды құндылықтарды 31 желтоқсан күніне дейін елге алып келетін компаниялар немесе азаматтардан ешбір салық алынбайды. Осы құндылықтарға еш бақылау жасалмайды.  Үкімет 2008,2011 және 2013 жылдарында да осындағы заң шығарған болатын. Бұдан бұрынғы заңдарда 2 пайыз салық төлеу шарты бар еді. Бұл жолы ешбір салық алынбайды.  Түркияда өмір сүретін, кәсіпорны және компаниясы бар азаматтар осы құндылықтарын Түркияға әкелуіне болады.

Сабах газеті Париж хабарына орын берген. Әлемге адам құқықтары тақырыбында сабақ беруге тырысқан Францияда еңбек заңына қарсы кәсіподақтардың шеруі полиция қоршауында болып өтті.  Шерушілерге көз аштырмаған полиция шеру басталмастан 19 адамды тұтқынға алды. Алаңға бетін жауып алғандар еш алынбады.



Ұқсас жаңалықтар