Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

505029
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Езілгендерді ұмытпаңдар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған 11 айдың сұлтаны Рамазан айында езілгендерді, бейшараларды  одан көп есімізге түсіріп, ауызашарды өте люкс жасамауға шақырды. Рамазанның рухани құны қасында жауапкершіліктерді ескертуімен де ерекше маңызы бар екенін атап көрсеткен президент жәрдемдер арқылы езілгендер мен бейшаралардың жүздерін күлімсіретудің Рамазанды лайықты түрде өткізу деген мағынаға келгенін айтты. Ердоған «Рамазан асқазанымызды аш қалдыру емес, көңілімізді қолдан келгенше тойдыру» деді.

Ватан газеті «Армян азаматтар Германияға наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кастамону қаласы тұрғыны армян азаматтар Германияның 1915 жылы армян қауесетін қабылдауына наразылық көрсетті. Армяндар Германия жасаған бұл әрекеттің әдепсіздік екенін атап, қауесеттердің шындыққа жатпағанын білдірді. Арменияның Әзірбайжан жерін басып алуының дұрыс еместігін атап айтқан армян азаматтар «Бұл қауесеттерді біз қабылдамаймыз. Аталарымыз, әкелеріміз әрқашан осында өмір сүрді. Біз олардан мұндай бір нәрсе естіген жоқпыз» деді.

Сабах газеті министр Берат Албайрактың «Түркия өз аймағы мен әлемде аса маңызды актер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жас Түркия саммитінде сөз алған Албайрак 21-ші ғасырдың басталуымен бірге әлемдегі экономикалық және саяси коньюнктураның басқа бағытқа бет алғанын, мұны ескеру керектігін тілге тиек етті. Түркияның аймағында және жаһандық ортада аса маңызды бір роль мойындағанын атап айтқан министр Албайрак елдің соңғы 12-13 жылдың ішінде керемет бір табысқа қол жеткізгенін мәлімдеді.

Стар газеті «Шәйіт ұшқыштарымыздың кешірімі не болмақ?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей әуе кеңістігін бұзғаны себепті құлатылған ұшақ үшін сұрайтын кешіріммен ынтымақтастықтың реттелетінін алға тартады бірақ Түркияда ПКК террор ұйымына берілген орыс зымыраны мен құлатылған тікұшақтағы 2 шәйіт ұшқыштың кешірімін ешкім сұрап жатқан жоқ. Дипломатиялық ақпарат көздері Хаккари Чукуржада бір түрік тікұшағының құлатылуы және 2 ұшқыштың шәйіт етілуі арқылы Ресейдің өз ішкі қоғамына «Құлатылған ұшағым мен қаза тапқан ұшқыштарымның кегін қайтардым» дегеніне назар аударады.

Хүррийет газеті «Мэистен Кашқа дейін бейбітшілік пен достық құлаштауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биыл 12-ші рет ұйымдастырылған жүзуден Халықаралық Мэис-Қаш жарысында 212 жүзуші, Грекияның Мэис аралынан Анталияның Қаш ауданына дейін бейбітшілік және достық үшін құлаштады.



Ұқсас жаңалықтар