Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

502519
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Виза еркіндігіне қарсы ПКК-ны құтқаруға тырысқан Германияның жоспары бұзылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда виза еркіндігі аясында террормен күрес заңына өзгеріс енгізу арқылы ПКК террор ұйымын құтқаруға тырысқан Германияның ойыны бұзылған соң бұл жолы қырғын жоспары күн тәртібіне келді. Немістер медиа арқылы «Түріктердің бұл заңға наразылығы ары кетсе өкілетті елшілерін кері шақырып, бірнеше неміс тауарын бойкот етумен шектеледі» дейді. Бірақ тақырыптың мамандары Түркияның бұл заңды «көпірлерді қирату» ретінде бағалап, басатын қадамдармен неміс үкіметінің тіпті Еуроодақтың соңын келтіретін бір кезеңнің ұшқыны болатынын алға тартады.

Сабах газеті «АҚШ қарулары Нусайбиннен табылды»  атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Нусайбинде 100-ге жуық ПКК-лық террористтің берілуінің артынан террор ұйымы жойылатын сатыға келді. Түрік қарулы күштерімен қақтығыстарда ауыр шығындарға ұшыраған террористтердің сыртқы байланыстары да ортаға шыға бастады. Жазықсыз адамдардың үйлерін өртеп, қашуға тырысқан ПКК-лық террористтердің Нусайбиндегі үңгірінде АҚШ-тың Анти танк (AT-4) зымыраны табылды. Осылайша ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ЙПГ-ге берілген АҚШ қаруларының ПКК-ға жеткізілгені ортаға шықты.

Йени Шафак газеті «Түркия барлық Африка елдері үшін шабытқа айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Уганда елбасы Йовери Мусевени Түркияның басшылығы тек қана Уганда үшін емес, басқа Африка елдері үшін де шабытқа айналғанын білдірді. Түркияның жақын тарихқа дейін күшін көшіре алмағанын атап айтқан Мусевини «Замандас басшылығы арқылы Түркия соңғы 10 жылдың ішінде маңызды деңгейге көтерілді. Енді Түркия бүкіл әлемде өсудің итермелеуші күшіне айналды» деді. Мусевени Түркия мен Уганда арасында пайдаланылатын маңызды бір күш бар екенін алға тартты.

Хүррийет газеті «Ең үлкен жұмыс бір жолда келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік мердігерлік фирмасы үлкен тендерді ұтып алды. Limak Құрылыс фирмасы 4.3 миллиард долларлық ұсыныспен Кувейт әуежайының жаңа бағыт ғимараты құрылыс тендерін ұтып алды. Келісім Түрік мердігерлік саласының шетелде бір жолда алған ең үлкен ісі ретінде тіркелді. Жылына орташа 5 мың адам жұмыспен қамтамасыз ететін жобаның 6 жылдан бұрын аяқталуы керек. Салынатын құрылыс барлығы 25 миллион жолаушы күшіне ие болады. Ғимарат 51 есігімен үлкендігі әртүрлі ұшаққа қонақжайлық жасай алады.

Ватан газеті «Түркия неліктен болымды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орталығы Нью-Йорктегі АҚШ инвестиция банкі Morgan Stanley, жариялаған Түркия рапортында шетелдік инвесторлардың Түркияға көзқарасы неліктен болымды екенін көрсетті. Вице-премьер Мехмет Шимшектің міндетін атқаруы ақша мен қаржы  саясатында келешекте өзгеріс болмайтынын ортаға шығарады. Саяси тұрақтылықта сенімдерді арттырады.



Ұқсас жаңалықтар