Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

495991
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Бейшара емеспіз!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоған Сабах газетіне арнайы жазды. Әлемдегі көптеген мәселенің негізінде материалды қиыншылықтар себепті емес, мархабат кемшілігінен туындағанын атап көрсеткен Ердоған жаһандық ұжданды іске қосу керектігін атап көрсетті. Ердоған «Түркия тарих бойынша соғыстан, қираудан, сүргіннен, зұлымдықтан қашқандар үшін әрқашан паналайтын бір аялдама болды. Бүгінде Түркия 5 құрлықта 140-тан астам елге жасаған жылына 6,4 миллиард доллар гуманитарлық жәрдеммен ұлттық табыспен салыстырғанда әлемнің ең жомарт мемлекеті» деді.

Хабер түрік газеті «Азамзаттың назары Стамбұл саммитінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл бүгін Бүкіләлемдік гуманитарлық саммитке қонақжайлық жасайды. 120 елден 50 басшы қатысқан саммитте жәрдемге мұқтаж 130 миллион адамның мәселелеріне шешім жолдары қарастырылады. БҰҰ тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Бүкіләлемдік гуманитарлық саммитке президент Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун басшылық жасайды. Түркия әлемнің ең үлкен 3-ші доноры және ұлттық табысы назарға алынғанда «ең жомарт» ел ретінде саммиттің қонақжайлығын мойындады.

Стар газеті «Түркиядағы денсаулық жүйесі АҚШ-та жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жасушалардың зақымданған ДНК-ларды қалай жаңартқаны және генетикалық базаны қорғайтын карталарды зерттейтін, 2015 Нобель Химия сыйлығының иегері танымал түрік ғалымы профессор Азиз Санжар Түркиядағы денсаулық сақтау жүйесінің көптеген елмен салыстырғанда жетілгенін атап, ‘Түркияда емделу әрі арзан, әрі жылдам’ деді. АҚШ-тағы денсаулық қызметтеріне де тоқталған Санжар ‘Түркиядағы жылдам және арзан жүйе АҚШ-та жоқ. Сол жерде емделу де, дәрі-дәрмекте қымбат. Ең бай ел ретінде АҚШ-та бұл жүйенің болмауы өкінішті және мұны өздері де мойындайды’ деді.

Йени шафак газеті «Стамбұлда яхта турлары енді өте арзан» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда яхта туризмі күн өткен сайын одан көп қызығушылық туғызуда. Бұрын тек қана байларға жағдай жасайтын яхталар орташа табысы барларға да қызмет бере бастады. Көптеген инвестор табыстан үлес алу үшін нарыққа инвестиция салуда. Артып отырған бәсеке болса саяхат қызығушыларына жағдай жасауда. Босфор бұғазында енді арзан бағаға яхта жалға алу мүмкіншілігі бар. Арнайы күндерін яхтада тойлағысы келгендер, организация фирмаларына жүгінуде.

Хүррийет газеті «Ағылшындар Түркияны әңгімелейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «EURO 2008» чемпионатында жартылай финал табысының артынан үлкен турнирге жолдама алған түрік ұлттық құрамасы футбол әлемінің назарын өзіне аударды. Ұлыбританияның белгілі медиа органдарының бірі  «Independent», ұлттық құрама туралы бір бағалау жариялады.



Ұқсас жаңалықтар