Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

491671
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Міне сол қару қоймалары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ДАИШ террор ұйымы, Сирия режимі және Ресей арасындағы қару мен оқ-дәрі қатынасы бейне таспа және фотосуреттермен дәлелденді. ДАИШ террор ұйымы Халебтің солтүстігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі үйді. Режим күштеріне тиесілі қару-жарақтар кедергісіз нысанасына ұласты. Жүк көліктеріне жүктелген қарулар 200 шақырымдық қашықтыққа Асад режиміне қоса, Иран, Ресей және халықаралық коалицияның көз алдында апарылды. 48 сағат тасымалданған қарулар Халебтің солтүстігінде қауіпсіз аймаққа шабуыл үшін қолданылады.

Ватан газеті «Шәрке астында жарылғыш» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мардин Нусайбинде ПКК террор ұйымына бағытталған операцияларда жарылғыш ретінде тұзақталған шәркелер табылды. Қауіпсіздік күштері бір үйде шәркеге тұзақталған қолдан жасалған жарылғыш тапты. ПКК-лық террористтердің қауіпсіздік күштерінің ұзақтан атымды қарумен терлікті нысанаға алған кезде байқалған жарылғыш жойылды.

Хүррийет газеті «Түркия, Әзірбайжан және Грузия әскери ынтымақтастықты тереңдетеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия, Әзірбайжан және Грузия Қорғаныс министрлері кеше Әзірбайжанның Гебеле қаласында жаңа әскери ынтымақтастық кезеңін бастаған келісімге қол қойды. Түркия-Әзірбайжан-Грузия Қорғаныс министрлерінің 4-ші жиналысының артынан Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз жасаған мәлімдемеде Кавказда Түркия, Әзірбайжан және Грузия арасында күн өткен сайын жетілген ынтымақтастықтың үш елдің ортақ мүддесіне қызмет ететін бір механизм екеніне назар аударды. Йылмаз Армения-Әзірбайжан қақтығысы және Таулы Қарабах мәселесімен байланысты «Армения шабуылдаушы, соғыс пен басқыншылық саясатын енді жалғастыра алмайды. Шабуылдаушы және басқыншылық саясатымен ешбір жерде табысқа жете алмайды» деді.

Сабах газеті «68 жыл өтсе де үміттері бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газа секторында көптеген палестиналық Некбенің (Үлкен қайғы) 68 жылына орай шеру ұйымдастырды. Шеруге қатысқан палестиналықтар «Міндетті түрде кері ораламыз» және «Күрес пен бірлік кері оралудың жолы» жазылған плакаттар көтерді. Фатх орталық комитеті мүшесі Зекерия эл-Аға «1948 жылы жер аударылғанымыз топырақтарға қайта оралу құқымызға ие шыққанымызға назар аударамыз» деді. Палестиналықтар 1948 жылы 14 мамыр күні Израиль басып алған Палестина жерлерінде тәуелсіздіктерін жариялауы және палестиналықтарды көшке мәжбүрлеген 15 мамыр күнін «Үлкен қайғы» ретінде еске алады.

Хабер түрік газеті «Каннда террор шабуылы қорқуы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бүкіләлемдік танымал жұлдыздар қатысқан фильм фестивальі жалғасқан Каннда бір интернет фирмасының арнайы жасақ киімді беттері жамылған адамдармен жасаған таныту шарасы үрей туғызды. Француз интернет фирмасының таныту іс-шарасы үшін бетіне маска жамылған және қара байрақ тасымалдаған арнайы жасақ киімді 6 адам қайықтармен теңізден келіп, атақты фильм жұлдыздары да бар қонақүйдің жағалауына шықты. Қонақүйдегілердің топ мүшелерін террорист, үстеріне кигендері киімдерді жанкешті көйлегіне ұқсатуы ұзақ уақыт қорқуға себеп болды.Кейін арнайы жасақ киімдері киген адамдардың актерлер, қолдарындағы қара байрақтардың болса фирманың эмблемасы екені байқалды.



Ұқсас жаңалықтар