Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

489998
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркия – көштің тоқтатылуында маңызды ел» деген хабар жариялаған. Германия канцлері Ангела Меркель Түркиямен жасалған босқын келісімінің тоқтап қалуына рұқсат бермеу керектігін айтты. Газеттің хабарына қарағанда Меркель «Түркияның Еуропаға бағытталған тәртіпсіз көштің тоқтатылуында маңызды ел екенін елемей кетуге болмайды.  Сондықтан осындай келісімдер керек» деді.  Түркия мен ЕО арасында келісілген келісім Түркияға босқындар үшін 6 миллиард евро материалдық көмек пен түрік азаматтарына Еуропаға визасыз саяхат үдерісінің басталуын көздейтін еді.  Еуропа осы уәделерін орындау үшін әлі қадам басқан емес.

Йени Шафак газеті «Туркувазкартпен» түрік азаматтығы» деген хабар жариялаған. Түркияға сапалы жұмыс күші және сапалы капитал тарту мақсатымен дайындалған Шетелдіктерді жұмыспен қамтамасыз ету заң жобасы мәжілісте қаралады.  Осы заң арқылы Түркияда жұмыс істеу рұқсаты берілген шетел азаматтары тікелей ихтиярхат ала алады.  Заңның ең маңызды бабы «Туркувазкарт» болады. «Туркувазкарт» АҚШ-тың Greencard-ы секілді болады. Осы картқа ие шетелдіктер Түркия азаматтығын да ала алады.

Ватан газеті «Жылдың аяғында ашылады» деген хабарға орын берген. 2017 жылдың екінші жартысында ашылуы жоспарланған Еуразия туннелі жоспарланғаннан 8 ай бұрын ашылады.  Хабарға қарағанда, күніне 100 мың көлік теңіздің астынан өтетін жоба үшін Қатынас,  теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырым «Жоспарланған уақытынан 8 ай бұрын, 47 айда аяқталады» деді. Мармарай желісінің інісі, ұзындығы 14,6 километр Еуразия туннелінің ең маңызды сатысы болып табылатын 3 мың 344 метрлік бұғаз өткелі өткен жылы аяқталған еді.,  мың 245 миллиард долларлық жоба арқылы екі құрлық арасында 4 жол болады. нәтижеде бұғаздағы көпірдің қатынасы жеңілдейтін болады.

Стар газеті «Әлемнің ең тамаша базары» деген хабар жариялаған.  Неміс-француз Мәдениет телеарнасы «Arte»де дайындалған 45 минуттық деректі фильмде Стамбулдағы Капалы Чаршы базары дүние жүзіндегі ең тамаша базар және сауда орталығы ретінде таныстырылды. Деректі фильмде Жабық базардың тарихы мен бүгінгі жағдайы,  экономика мен туризмге үлесі баяндалған.

Хабертүрік газеті қызықты бір хабарға орын берген.  Дүние жүзінде тек Ван көлі бассейнінде өмір сүретін, көбейетін кезде судың ағынына теріс бағытқа қарай жүзіп,  тұщы суға көшетін інжу кефаль балығының сапары басталды.  Ван көлінің тұзды суында өнуге мүмкіндігі жоқ інжу кефаль балықтары көктемде су температурасы 12-13 градусқа келгенде көлден шығып,  жылғаларға қарай бағыт алады. Інжу кефаль балықтары ұрпағын жалғастыру үшін ағынның теріс бағытына қарай жүзеді.



Ұқсас жаңалықтар