Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

484600
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Еуропаға визасыз саяхат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еурокомиссияның түрік азаматтары үшін визаларды маусым айының соңына дейін жоюды қамтыған ұсыныс шешімі Еуропа Парламенті мен Еуроодақ Кеңесінде дауысқа салынады.

Түркияның виза жеңілдігі үшін қойылған 72 шарттың 67-сін орындады. Еуроодақ елдеріне визасыз саяхат кезеңі ресми түрде Еуропа парламентінің қолдауымен басталады. Түрік азаматтары 26 мүше ел мен 3 қала мемлекетін 90 күнге визасыз аралайтын болады. Еуроодақпен виза жеңілдігі аясында орындалуға тиісті шарттардың бірі ретінде «террормен күрес заңы» өзгерісін іске қосылмайтыны білдірілді. Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр бұл өзгерісті қабылдау әрі саяси, әрі ұждандық тұрғыдан мүмкін емес» деді.

Йени Шафак газеті «ПКК террор ұйымы ДАИШ-дей жауыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия террор ұйымы ДАИШ-пен күресте Сирияның заңды оппозициясының орнына, террор ұйымы ПКК-ның Сирия тармағы ПЙД-мен ортақ ұстанымдағы елдерге бағыттап дипломатиялық қадамдар басады. Түркия бұл аяда ПЙД мен ДАИШ жасаған шабуылдарының ұқсастығын ортаға қояды. Анкара, АҚШ және Еуропаға қоса, мұсылман елдерге мына ұқсастықтарды түсіндіріледі:

  1. Әрі ПЙД, әрі ДАИШ оппозиционерлердің мәйіттерін жүк көліктеріне толтырып тұрғын аймақтарын аралайды.
  2. Екі ұйымда жанкешті шабуылдармен жазықсыз адамдарды нысанаға алады және бомбалы көліктермен шабуылдайды.
  3. ДАИШ Килиске Катюша зымырандарымен шабуылдаса, Катюшалар Оңтүстік Анадолы аймағында Түркияға қарсы ПКК террор ұйымы тарапынан қолданылады.

Ватан газеті «Израильдің НАТО кеңсесін ашу туралы сұранысы 6 жылдан бекітілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара Израильге НАТО тақырыбында жеңілдік жасады. Израильдің Солтүстік Атлант келісімі ұйымының (НАТО) Брюссельде өкілдік ашуына Анкара вето жасамады. Израильдің өкілдік ашу сұранысы 2010 жылы 9 түрік азаматы қаза тапқан Мави Мармара шабуылының артынан Анкараның ветосымен тоқтатылған болатын. Түркия Мави Мармараның артынан Израильдің НАТО ұйымдастырған ортақ жаттығуларға қатысуына вето жасаған еді. Басқа жағынан Израиль мен түрік лауазымдылар қарым-қатынастарды бұрынғы қалпына келтіру мақсатты өткен келіссөздер аясында ағымдағы айдың ортасында тағы бас қосады.

Хүррийет газеті «Батыл Франция үшін мұсылман үміткер" атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың тұңғыш қара нәсілді президенті Барак Обаманың артынан осы жолы Францияда қара нәсілді бір әйел 2017 жылы мамыр айында өтетін президенттік сайлау үшін үміткерлігін жариялады.

Сенегалда дүниеге келген мұсылман Рама Яде Париж саясаттану факультетін бітірді. Яде «Тағы бірдей актерлермен ұқсас сценарийлер сахнада. Саяси батылдықты қажет еткен халық қозғалысы арқылы саясаттар жүргізген бір Францияны қиялдаймын. Бұл мақсатпен ‘Батыл Франция’ тәуелсіздік қозғалысын бастадым» деді.

Яде қазірдің өзінде әртүрлі саяси топтан 50 мыңға жуық мүшесі бар екенін мәлімдеді. Ливияның төңкерілген басшысы Муаммер Каддафидің 2007 жылы Париж сапары кезінде «Франция Каддафидің аяғын тазалайтын елі емес» деген сынымен күнтәртібіне келген Яде сол кезде Адам құқықтарына жауапты министр болатын. Каддафимен жақсы қарым-қатынастарға ие бұрынғы президент Николя Саркози болса, бұл мәлімдемесі себепті Ядеге ашуланған және министрліктен отставкаға кетіп, Еуроодақ сайлауына үміткер болуы үшін қысым жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар