Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

477567
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Орыс соғыс кемесі түрік байрағын желбіретіп, өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орыс фрегатына тиесілі 031 нөмірлі «Александр Отраковский» атты соғыс кемесі Қаратеңізден Босфор бұғазына кіріп, Мәрмәр теңізіне қарай жүзді. Кеменің шамамен 2 сағатқа жалғасқан өтуі барысында түрік байрағын желбіреткені байқалды.

Йени шафак газеті «Бейоғлу шабуылының нысанасын Израиль жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израиль анти террор басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеде 19 наурыз күні Бейоғлунда жасалған және 3 израильдік пен 1 ирандық  барлығы 4 турист қаза тапқан жанкешті шабуылдың негізгі нысанасының түрік туризміне балта шабу екенін жариялады. Тақырыппен байланысты мәлімдемеде бір айдан бері жүргізілген тінту жұмыстары барысында ДАИШ-тік жанкештінің арнайы түрде израильдік туристтерді нысанаға алғаны білдірілген.

Сабах газеті «Алпауыттар денсаулық үшін Түркияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда ұйымдастырылатын Мемлекеттік арнайы ынтымақтастық мекемесінің Денсаулық саммитіне денсаулық сақтау және қаржы саласында әлемнің алдынғы қатарлы мекемелері қатысады. Денсаулық сақтау министрлігі мен премьер-министрлік Түркия инвестиция және таныту агенттігі қонақжайлығымен өтетін Мемлекеттік арнайы ынтымақтастық Денсаулық саммиті 26-27 сәуір күндерінде жүзеге асады. 20-ға жуық ел қатысатын саммитте Катар, Біріккен Араб Әмірлігі, Үндістан, Тунис, Қазақстан және Нигериядан делегациялар қатысады.

Стар газеті «Адамзаттың орталығы Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Канадада араб активисттер мен азаматтық қоғам мекемелері тарапынан «Рахмет Түркия Фестивалі» ұйымдастырылды. Миссиссога қаласындағы «Celebration Square»-да жүзеге асқан фестиваль Канада сириялықтар ақылдасу кеңесі басшылығындағы араб азаматтық қоғам мекемелері тарапынан ұйымдастырылды. Фестивальге қатысқан жүздеген адам «Сирия халқынан бастап, зардап шеккендерге құшақ жайған үлкен бір Түркия мемлекеті бар. Рахмет Түркия» деп бір ауыздан ұран көтерді. Жүздеген адам Түркияның барша есіктерін жапқан бір кезеңде Сирия халқына есіктерін ашқанын әлемнің есіне түсірді.

Хабертүрік газеті «Түрік әуе жолдары әйел ұшқыш тақырыбында рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда наурыз айында Чикаго-Стамбұл рейсінде тұңғыш рет кабинаға 2 әйел ұшқыштың қызмет атқаруымен қол таңба қалдырған Түрік әуе жолдары әйел ұшқыш санында да рекорд жаңартты. 10 жыл бұрын 6 әйел ұшқыш қызмет атқарған Түрік әуе жолдарында 10 шетелдік, барлығы 100 әйел ұшқыш жұмыс істейді. Түрік әуе жолдары құрамында қазір 4 мың 429 ұшқыш қызмет атқаруда. Осылардың 765-і болса шетелдік.



Ұқсас жаңалықтар