Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

473856
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Король АҚШ-ты Анкарадан қорқытты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауд Арабиясы корольі Селман ибн Абдүлазиз АҚШ Конгресіне ұсынылған және корольдіктің 2001 жылы 11 қыркүйек күні жасалған әл-каида шабуылдарына жауапты екенін көрсеткен заң жобасы қабылданған жағдайда, АҚШ-тағы 750 миллиард долларлық байлығын сатумен қорқытуы күн тәртібіне бомбадай түсті. Король Селман бұл қорқытуды Ислам ынтымақтастық саммиті үшін келген Анкарада АҚШ президенті Барак Обамамен телефон әңгімесі барысында айтты. Экономисттер Эр-Риядтың 750 миллиард доллар құнындағы облигация мен құнды қағаздарын сатқан жағдайда, доллардың жермен жексен болатынын болжайды. Екі ел арасындағы дағдарыс АҚШ-тың Иранмен жүргізген ядролық келіссөздер және келісімдерінің артынан одан да асқынған болатын.

Сабах газеті «Мұнай алауы Түркияға тарамады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мұнай экспорттаған елдер ұйымының (OPEC) Катардың астанасы Дохада жасаған жиналыста мұнай сұранысын шектеу жөніндегі шешімімен бірге мұнай бағаларындағы қатты құлдырау әлем нарығын өртке айналдырса, Түркия кеше болымды белгіленген сирек елдердің бірі болды. Бүгін 2.68 лирадан асқан доллар кейінгі сатулармен 2.84 лираның астына шегерілді.

Ватан газеті «Жаңа модел ұшқышсыз ұшақтар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп кеңесшілігі жұмыстанған «Оперативті ұшқышсыз ұшақ» жобасы үшін қозғалды. Кеңесшілік жобада қолданылатын жүйелерінің толығымен отандық болуы үшін шақыру тастады. Бұл салаларда жұмыстары бар фирмалардың жобаның тендеріне қатысу үшін соңғы мерзім 2 мамыр күні аяқталады. ANKA мен ұқсас ұшқышсыз ұшақтардан үлкен және одан мықты моторы бар Оперативті ұшқышсыз ұшақ одан ұзақ көгілдір аспанда ұшып жүк тасымалдай алады. 2 дана анти танк зымыраны бар «Hellfire» зымыраны мен лазер тұмсықты бомба тасымалдаған Оперативті ұшқышсыз ұшақтармен террористтерге дәл кезінде операция жасауға мүмкіндік болады.

Стар газеті «Expo 2016 жақындады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Гүл мен бала» тақырыпты Түркияның тұңғыш Expo бағдарламасы 23 сәуір Ұлттық Егемендік және балалар мерекесінде халыққа ашылады. 7-8 миллион келуші күтілген «EXPO 2016 Анталия» 22 сәуір күні президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ресми түрде ашылады.

Хабертүрік газеті «Batmobile, Түрік әуе жолдарының жарнамасы үшін 3-ші көпірден өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен апталарда «Batman және Superman: Әділеттің шапағында» фильмімен бүкіл әлемде қайтадан күн тәртібіне келген супер қаһарман «Batman»-нің аңызға айналған автокөлігі «Batmobile» Явуз Сұлтан Селим көпірінен өтті. Өткен ай Түркияға әкелініп, көпір салу жұмыстарын күткен көліктің өтуі жарнамаға түсірілгенде жүзеге асты. Жарнаманың қашан жарияланатыны және көлікті кімнің айдағаны айтылмады.



Ұқсас жаңалықтар