Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

462674
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «PKK-ның шын бейнесін көріңдер» деген тақырыппен хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның PKK және ДАИШ террорына қарсы сабыры қалмағанын айтып, АҚШ пен Еуропа Одағының ұстанымын сынады. Ердоған «Диярбакырдағы опасыз шабуылдан кейін ЕО мен бүкіл әлем PKK-ның шын бейнесін көрсін» деді. Хабарға қарағанда Ердоған «PKK-ның Сириядағы жалғасы ДАИШ-ке шабуылдады деп батыстықтардың алдында жақсы ұйым болып отыр. Біз бұндай түсінікті қабылдамаймыз» деді.

Сабах газеті «Бұл қандай еркіндік?» деген тақырып қолданған. Президент Ердоған өзі де бомбалы шабуылдарға ұшырағанына қарамастан терроризммен күресте Түркияға шынайы қарамаған және өз жерлерін террористтерге ашқан Белгияға қатаң наразылық білдірді. Өздемир Сабанджы қылмысының жауаптысының Бельгияда емін-еркін жүргеніне назар аударған президент Ердоған: «Ол бізге әлі қайтарылмады» деді. Бельгияның еркіндіктерді сылтау қып көрсеткенін айтқан Ердоған: «Террористке еркіндік бола ма?» деді.

Стар газеті жүргізушісі жоқ көлік жөнінде хабарға орын берген. Түркияда TOFAŞ жүргізушісі жоқ тұңғыш көлікті сынақтан өткізді. Көлік өзінің алдындағы көліктің жылдамдығына қарай жүреді. Бұл жоба 2013 жылы басталды. Алдымен Бурса қаласындағы зауытда сынақ макеті дайындалды. Артынан бір Doblo жүк салғышына орналастырылған компьютер және камералар көмегімен «өз жылдамдығын алдындағы көлікке сай қарастыра алатын» қабілетке жетті. Соңғы сатыда көлікке GPS координаттарындағы жолды түсінетін электрлі руль қондырылды. Жобаның соңында прототип арнайы жолда газы және тежегішін бақылауға алып, берілген қашықтық пен жылдамдыққа жүргізушісіз жетті.

Хабертүрік газеті «Инвестиция шақыруына бірінші жауап келді» деген тақырып қолданған. Президент Ердоған Вашингтонда АҚШ компанияларын Түркияға инвестиция жасауға шақырды. Түркияға ең мықты жаңа инвестиция хабары «Westinghouse Electric Company»ден келді. Жетекші Данни Родрик «Қытай серігімізбен бірге Түркияның үшінші ядролық стансасына ұсыныс береміз. Келіссөз жалғасуда. Түркияға 20 миллиард доллар құюға дайынбыз» деді.

Йени Шафак газеті экономика хабарына орын берген. Түркия экономикасы екі сайлау болған 2015 жылы саяси белгісіздіктер, геосаяси рисктер және нарықтағы толқуларға қарамастан төртінші кварталда 5,7, жылдық 4 пайыз өсті. Үлкен 20 елдері қатарында ең жылдам өскен төртінші ел болды.



Ұқсас жаңалықтар