Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

455779
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті хабарын «Қанеки Асия бізді қуанышқа бөле» деген тақырыбымен берген. Газет Стамбулда 19 наурыз күні таңғы уақытта 4 адамның қаза табуына, 39 адамның жарақат алуына себеп толған Истиклал даңғылындағы жанкешті шабуылында ауыр жарақат алған екі жарым жасындағы Асияның операциядан кейін ұйықтатылғанын жазған. Хабарда оқиғада әке-шешесімен бірге ауыр жарақат алған сәби Асияға жолдамалар көп келгеніне орын берген. Газеттің хабары бойынша Асияға хат жолдаған бір адам «Асия балам бізді қуанышқа бөле. Саған ойыншық аламын» деп жазған. 10 жасар бір оқушы да Асияға «Менің атым Нергис. Кішкене болуың мүмкін. Бірақ өте батылсың. Адамдар неге өледі. Бұдан кейін өлмесін» деді.

Сабах газетінің «Диярбакыр сен жол берме» атты хабарында бейбітшілікті ұмытып, үмітін террор әрекетінен күткен Халықтың демократиялық партиясы HDP басшыларына халық рұқсат бермегенін жариялаған. Газеттің хабары бойынша Диярбакыр паркі оларға жол бермеді. Халықтың демократиялық партиясы HDP-нің және террор ұйымы ПКК-ның қорқытуынан сескенбеді. Қауіпсіздік басқармасының мағлұматына қарағанда өткен жылғы тойлауда 500 мың адам күтіп алған Наурыз паркінде биыл 15 мың адам жиналды.

Хүрриет газеті «Энергия министрі Берат Албайрак Қытайды көмір ынтымақтастығына шақырды» деген хабарында Энергия министрі Берат Албайрактың энергия саласында ынтымақтастық және инвестиция салуға шақыру үшін Қытайға баратынын жеткізген. Газет Албайрактың бүгін басталатын Қытай сапарының 25 наурыз күніне дейін жалғасатынын мәлімдеген. Газеттің хабары бойынша Албайрақ алдымен астана Бейжіңде болады. Бейжің жел энергия орталығын аралайтын және әлемнің ең маңызды жел энергия фирмаларымен кездесетін Албайрак Қытай өркендеу банкі және кейбір қаржы мекемелерімен де кездеседі. Түркиядағы сенімде инвестиция ортасын түсіндіреді. Инвесторларды елге шақырады. Албайрак Бейжіңдегі бағдарламасы аясында Қытай көмір алпауыттарымен де бас қосады. Осы фирмаларды әрі Түркияға инвестиция салуға, әрі де ортақтық құруға шақырады.

Стар газеті «F-16 соғыс ұшақтары отандық және ұлттық FX болады» атты хабарында Қорғаныс өнеркәсіп басқармасы төрағасының орынбасары Демирдің болашақтың «отандық және ұлттық» соғыс ұшағы FX-ні түсіндіргенін білдірген. Газет Демирдің «F-16 соғыс ұшақтарынан сабақ алдық. Толық қанды технология саласында ынтымақтастық жасаймыз» дегенін баяндаған.

Ватан газеті «Түрік әуе жолдарының арнайы фильм қойылады» атты тақырып қолданған. Газет негізгі демеушілігін Түрік әуе жолдары жасаған «Batman & Superman» атты фильмнің тұсаукесері Нью-Йоркта жасалғанын жазған.



Ұқсас жаңалықтар