Түрік баспасөзіне шолу

18.03.2016 күнгі түрік баспасөзі

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті хабарын «Бізбен бірге бол, немесе террористпен бірге бол» деген тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Анкара шабуылының нысанасының Түркияның тұтастығын бұзу екенін, сондай-ақ баршаның террористтің қарсысында болуы керектігін айтқанына орын берген. Хабарда осы таңға дейін бір ұлтқа соғыс жариялап жеңіске қол жеткізген ешбір террористтің болмағанына назар аударған Ердоғанның «террор, террорист» түсініктемесін қайтадан жасап, жаза заңына өзгеріс жасау керектігін айтқанын жазған.

Сабах газеті «Жаңа Түркияның алға басуын тоқтата алмайды» деген тақырыппен берген. Газет саясатшылар, өнерпаздар, спортшылар, іскерлер, азаматтық ұйымдары және барша азаматтың террорға қарсы болғанын, Түркияның террорды жеңетінін айтқанын жазған. Газеттің хабары бойынша Анкарада опасыз шабуылмен қарапайым халықты өлтірген террор ұйымы ПКК-ға лағнет жауды. Барша азамат «Аймағында үлкейген, күшейген, алпауыт жобаларымен әлемді баураған Түркияның алға басуына террор тосқауыл жасай алмайды» деген мәлімдеме жасады. Іскер әлемі «террор бізді қорқыта алмайды» десе, саясатшылар да террормен күресуде табанды екенін түсіндірді.

Ватан газетінің «Арда Туран мағыналы үндеу тастады» атты хабарында Барселонаның әлемге әйгілі ұлттық футболшымыз Арда Туранның Анкарадағы опасыз шабуыл жөнінде мағыналы үндеу тастағанын жеткізген. Газет Арда Туранның «Қазір біздің қайғыларымызды бөлісу уақыты. Барша әлемге үндеу тастаймын. Бұл тек қана біздің мәселеміз емес, баршамыздың мәселесі» дегеніне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Арда мәлімдемесінде «Біз осы әлемде өмір сүрген барлық адам қаза тапқанда көз жасын төктік. Қайғыларымызды географиялық жағдайға қарамай бөлістік. Енді мақтаныш сезінген өркениетті көрсетіңдер. Сіздер қайғырғанда біз де қайғырдық. Бірге жыладық. Енді елімізде шешелер, әкелер, бауырластар, ағайындар жылап жатыр. Сіздер де сезімдеріңізді білдіріңдер» деген сөздер қолданды.

Стар газетінің «Қасиетті кітап» деген хабарында Құран-Кәрімнің алғашқы нұсқасының Стамбулда көрсетіле бастағанын жариялаған. Газет Құран Кәрімнің Алланың осы мақсатпен адам баласына жіберген соңғы иллахи кітабы және Әзірет Мұхаммедтің кереметі болғанына орын берген.

Хабартүрік газеті хабарын «Түрік актрисасын Алжир халқы қатты ұнатты» атты хабарында Алжирге барған әйгілі актриса Туба Бүюкүстүннің үлкен қошеметке ие болғанын мәлімдеген. Газет Ennahar теледидарының түрік актрисасының Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысы Пан Ги Муннан тіпті де құрметке ие болғанын айтқанын жеткізген.



Ұқсас жаңалықтар